11 ақпанда БҚО-да оқу-жаттығуларға байланысты көлік қозғалысын шектеу күтілуде
2021 жылғы 11 Ақпанда Теректі ауданы Подстепное ауылының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының жоспарлы терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілуде. Полиция Подстепный ауданында көліктің қозғалысына шектеу 10.00 — 15.00 аралығында болуы мүмкін екенін хабарлады.

«Сағат 10:00-ден 15: 00-ге дейін аталған елді мекен ауданында (Подстепное ауылы) автокөлік пен халықтың жүріп-тұруына қысқа мерзімді шектеулер енгізілуі мүмкін. Құқықтық тәртіп қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз», – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нана Иксанова