БҚО-да 10 гектарға жуық орман қолданыстағы жолдың құрылысы үшін кесілмек
Ашық НҚА сайтында А-30 «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы»автомобиль жолы құрылысының ашық жобасы орналастырылған. Жалпы алғанда, Бөрлі ауданы мен Орал орман қорларынан 11,5 Га жер алынады, алайда Подстепныйдан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол бар, ол күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бөрлі ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» және «Орал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 11,5 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын», — делінген жобада.

Қаулы ҚР қазіргі премьер-министрі Асқар Маминнің қолымен шығарылды. Құжатта қолданыстағы жолды неге күрделі жөндеу жүргізілмейтіні туралы ешқандай негіздеме жоқ, ал құрылыс үшін орманды кесу қажет.
Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласының тұрғындары Переволочный тоғайындағы жол мәселесімен қала әкімі Абат Шыныбековпен кездескен болатын. Тұрғындар әкімге алдымен жасыл аймақтарды ретке келтіруге, содан кейін ғана жаңа орман аумақтарын игеруге кеңес берді.
Нана Иксанова