БҚО-да атқарушы билік халық алдында есеп береді
Пандемияға байланысты жыл сайынғы есептер онлайн режимінде өтеді. Орал әкімі Абат Шыныбеков 2021 жылдың 16 ақпанында сағат 16.00 — де, ал БҚО әкімі Ғали Есқалиев 2021 жылдың 20 ақпанында сағат 19.00-де есеп береді.

Есеп беру барысында өткен жылғы қала мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ болашаққа жоспарлар туралы сөз болады.
Орал әкімі Абат Шыныбековтың есеп беру кездесуін нақты уақыт режимінде «Aqjaıyq» телеарнасында және қала әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляциялауға болады.
БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің есеп беру кездесуін нақты уақыт режимінде «Aqjaıyq» телеарнасы мен БҚО әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляциялауға болады.
Қала және облыс басшыларына қалай сұрақ қою керектігі туралы ақпарат:


Қала және облыс әкімдеріне сұрақпен немесе ұсыныспен жүгінер алдында аты-жөнін, ұялы телефонын, тұрғылықты мекенжайын көрсету қажет. Анонимді өтініштер қабылданбайды.
Нана Иксанова