«Постыңды алып таста, мұнымен ұзаққа бармайсың!» Жас маманға бұлай шүйліккен кім?!

БҚО Жаңақала ауданында жас мамандардың жұмысқа орналасуы  күрделі мәселе. Тамыр-танысың болмаса, талай табалдырықты тоздыруыңа тура келеді. Мұны осы ауданға қарасты Көпжасар ауылындағы жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маман Жалғас Нығметов айтып отыр. Айтуынша, басшылар өздері  қалаған адамдарды ғана қызметке алатын көрінеді. 

Жалғас Нығметов

– Менің жұмысқа кіруімнің өзі үлкен еңбек болды. Қаншама конкурсқа түстім, бірақ ешқайсысынан өткізбеді. Таныспен өтіп кете берді. Содан жазбаша өтініштерімді алып барлық басшыларға кірдім, дәлел ретінде қолдарын қойдырып, аудан әкіміне бес рет кірдім. Зорға дегенде Көпжасар ауылына жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маман болып бардым. Сол жақта жақсы жұмыс істеп, өзімді көрсеттім. Ресурстық орталыққа басшы тұрақтамай жұмыс бәсеңдеп қалды. Содан басшының орны бос тұрғасын аудан орталығына ауысқым келіп, конкурсқа түскем. Бірақ аудан әкімі орынбасарының таныстары өтіп кетіп жүрді, оған үндемедік. Бірақ қашанға үндемей жүре береміз, шыдамның да шегі бар ғой,-дейді Жалғас Нығметов.

Оның сөзінше, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ақан Қапанов пен ресурстық орталық басшының уақытша міндетін атқарған Қамбар Каменов бос тұрған заңгердің орнын ұсынып, «орталыққа ауыстырамыз» деп уәде еткен. Алайда кейін екеуі де – сөздерінен тайқып шыққан.

– Бұл орынға Қамбар інісі – Қобыландыны кіргізгені күні кеше еді, көп өтпей басшы етіп қойды. Сосын мен Ақан Болатұлына қашан ауыстыратындарын сұрап, хабарластым. О кісі «ауысасың, уайымдама, шешілді» деді. Енді келіп «Жалғас, ренжіме, сені алмайтын болдық» деп отыр. Арадағы әңгімені дәлелдейтін аудиозапис бар. Ал жастар ресурстық орталығының басшысы болса «Менің қолымда тұрған ештеңе жоқ, жоғарыдағылар шешіп қойды» деп қарап тұр. Мен осы сөзге қатты ренжідім. «Шешіп қойған кім, аты-жөнін айтшы? Барайын, сол кісінің өзімен сөйлесейін» дедім. Ол аудан әкімі орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы екенін айтты. Мені жұмыстан кетіру үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге баратын шығар, бірақ мен өздеріне қызметсіз қалсам да, әділдік айтудан қайтпайтынымды айттым,-дейді Жалғас Нығметов.

Бұдан соң Жалғас өзінің фейсбук парақшасына басшылардың әділетсіздігін айтып, жазба қалдырған. Кейін ішкі саясат бөлімі басшысы мен мамандары жазбаны алып тастауын талап еткен.

– «Постыңды алып таста, мұнымен ұзаққа бармайсың, орталыққа ауыспайсың» деді. Мен алмайтынымды айттым. Бұлар тіке айтқан адамды жақтырмайды. Мен басшылардан үй сұрағам жоқ, тек жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздер болды дедім. Жастар ресурстық орталығы тек іс-шара өткізумен ғана шектеледі, болды. Ал жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бойынша ештеңе істелініп жатқан жоқ. Ауданда жастарға ешқандай қолдау жоқ,-дейді ол.

Жаңақала ауданы ішкі саясат бөлімі басшысы Ақан Қапанов Жалғас Нығметовтың айтқан сөздерінің бәрін жоққа шығарды. Ол жастарға үнемі қолдау көрсетіп келе жатырғандарын айтады.

– Қазір ресурстық орталықта бір орын бос тұр. Жалғас сол орынға ауыстыруын сұрап отыр. Біз ол орынға жұмыссыз жүрген жасты аламыз ба деп, отырмыз. Енді конкурсқа Жалғас түсемін десе, түссін, қолын қақпаймыз. «Маған осылай деп уәде берді, тамыр-таныстық арқылы алынады» дегені өтірік. Біз жастарға қолдау көрсетіп келе жатырмыз,-дейді Ақан Қапанов.

Ол «Орал апталығы» тілшісінің «Пікірін әлеуметтік желіде ашық білдергені үшін ертеңгі күні Жалғастың артына түсіп, жұмыстан шығаруға тырыспайсыздар ма? Қудалауға ұшырамай ма?» деген сауалына:

– Жоқ, ондай болмайды. Демократиялық қоғамда өмір сүреміз ғой, әркім пікірін айтуға толық құқылы ғой,-деп жауап берді.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-15
Утром-12.42 ℃
Днем-7.19 ℃
Вечером-5.12 ℃
Ночью-4.41 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.24 м/с
2024-12-16
Утром-2.92 ℃
Днем0.37 ℃
Вечером0.13 ℃
Ночью-1.29 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра10.78 м/с