БҚО-да бір шақырым жолды жөндеуге 155 млн-нан астам қаржы жұмсалады

БҚО-ның қиыр батысында жатқан Жәнібек, Бөкей ордасы ауданына баратын күре жолды күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы – 129 шақырым жол салынбақ. Осылайша бір шақырымға 155 млн-нан астам ақша жұмсалмақ.

Мұны облыс әкімі Ғали Есқалиев 20 ақпан күні өткен есептік кездесуде айтты. Оның сөзінше, өткен жылы Жәнібек пен Бөкей ордасы бағытындағы жол құрылысы пандемияға байланысты кешеуілдеген. Жоспар бойынша жол жөндеу жұмыстары биыл аяқталуы тиіс.

– Жәнібек пен Сайқын ауылдарына дейінгі жолдардың құрылысы пандемияға байланысты баяу жүрді. Қаражат кері қайтарылды. Өйткені індетпен күресуге көп қаржы қажет болды. Биыл 129 шақырым жол салынады. Чапаев-Казталовка-Жәнібек Ресей шекарасы жолының 80 шақырымы жөнделеді. Жол құрылысы жұмыстарын биыл бітіріп үлгермесек, келесі жылы аяқталады,-дейді Ғали Есқалиев.

Әкімнің айтуынша, өткен жылы 101 шақырым ауылішілік жолдар жөнделген. Орал қаласының 46,2 шақырымды құрайтын 41 көшесіне асфальт төселген.

– Облыс орталығында жолдарды жөндеуге биыл 560 млн теңге қарастырылды. Қазіргі таңда осы жылға облыс бойынша 41,5 млрд теңге қаражатқа 378 шақырым жолды жөндеу көзделуде. 2020 жылы 42,3 млрд теңгеге 436 шақырым жол жөнделсе, облыстық және аудандық маңызы бар 192 шақырым жолды жөндеуге 12,7 млрд теңге қаржы жұмсалды,-деді Ғали Есқалиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с