БҚО-да екі мыңнан аса тұрғын жарықсыз отыр

БҚО-да ауа райы күрт өзгеріп, күн сутты. Ақтүтек боран салдарынан бірқатар елдімекендегі электр бағаналарының сымдары үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды.

Көрнекі сурет

Бұл ақпаратты БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Нұралы Мусиев журналистерге берген сұхбатында айтты.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі таңда алты республикалық, үш облыстық автожол жабылды. Өткен тәулікте жолда қалып қойған 15 техника қар құрсауынан шығарылып, 63 адам құтқарылды. Соның жетеуі бала. Құтқарылған адамдарға тиісті көмек көрсетілді. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ облыс бойынша елдімекеннің екі мыңнан аса тұрғыны жарықсыз қалып отыр. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде,-деді Нұралы Мусиев.

Оның айтуынша, 23 ақпан күні Ақжайық пен Жаңақала ауданында екі адамның жоғалып кету фактісі тіркелген.

– Ақжайық ауданындағы жоғалған адам туралы ақпарат бізге 17.00 шамасында түсті, ол түнгі 23.00-де табылды. Ал Жаңақала ауданындағы адамның жоғалғандығын 20.00-де білдік. Ол түнгі 03.00-те аман-есен табылды. Екеуі де ешқандай зардап шеккен жоқ,-дейді Нұралы Мусиев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі қала бойынша өткен тәулікте адамдарды үсік алу фактісі орын алмағанын, ал облыс бойынша ақпаратты кейін хабарлайтынын айтты.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ БҚО филиалы маманының сөзінше, қазіргі таңда тек халықаралық Самара-Шымкент тас жолы ғана ашық, қалғандары әзірге жабық.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером28.7 ℃
Ночью25.47 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с