Коронавирусқа қатысты жаңа қаулы: 1 наурыздан бастап қандай өзгерістер болады

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қаулының толық нұсқасын назарға ұсынды.

«ОА» мұрағатынан

Қаулыдағы өзгерістер 1 наурыз сағат 00-ден бастап өз күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес:

1) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

2) букмекерлік кеңселердің қызметіне;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

4) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынады;

Одан бөлек:

6) адам санын 30-дан асырмай, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру шарттарын сақтаған жағдайда ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға;

7) уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат берілмек;

Сонымен қатар:

8) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілмек;

Қаулыда оқу мәселесіне қатысты да бірқатар шарттар қойылған:

9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында келесілерге рұқсат етілген:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту)

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

10) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға;

11) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға;

12) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, көзбе-көз режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

13) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне;

14) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне;

15) бір мезгілде 30 адамнан артық емес жинала отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілмек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

ten − 1 =

x
2023-12-02
Утром0.47 ℃
Днем4.45 ℃
Вечером-0.7 ℃
Ночью-2.41 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра8.65 м/с
2023-12-03
Утром-3.77 ℃
Днем-2.38 ℃
Вечером-1.46 ℃
Ночью-0.98 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.71 м/с