Оралдағы саяси митингтің мәтіндік көрсетілімі

Бүгін, 28 ақпан, жексенбі күні Орал қаласында саяси реформалардың басталуын және Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге қарсы және сот шешімімен босатылғаннан кейін қарапайым азаматтық құқықтарынан айырылған Макс Боқаевты қолдау мақсатында митинг өткізіледі. Орал апталығы осы іс-шарадан YouTube-те орыс тілінде және Instagram-да қазақ тілінде бейнетрансляция жүргізеді. Мәтіндік хабар тарату біздің Telegram каналымызда және осы жерде-осы материалда, оның жаңартуларын қадағалаңыз.

YouTube-те хабар таратуды қайта бастады.

Лұқпан Ахмедьяров митингке осындай плакатпен шықты.

Сделал себе плакат на завтрашний митинг. Как вам?

Опубликовано Лукпаном Ахмедьяровым Суббота, 27 февраля 2021 г.

Естеріңізге сала кетейік, кеше азаматтық белсендінің көлігі өртенді, ал әкімдік кенеттен міндетті түрде қатысатын студенттер үшін шаңғы жарысын ұйымдастырды. Митингті ұйымдастырушылар мұны қорқыту әрекеті мен митингке қатысушылардың санын азайту әрекеттері деп санайды.

Қазақстандағы саяси реформалар мен саяси қудалауды тоқтату қажеттілігі туралы «Азаматтар митингісінің» қабылдаған ҚАРАРЫ

Біз, қатысып отырған азаматтар, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтей отырып және өз елімізді басқаруға қатысу құқығын іске асыра отырып, биліктен азаматтарды саяси уәжді қудалауды тоқтатуды және барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етеміз. Біз бұл функцияларды күш құрылымдарынан алып тастап, саяси тергеуге тыйым салуды талап етеміз. Біздің мектеп, студент, жұмысшы жастарымыз еш қауіп-қатерсіз, еркін өсіп-өнуі тиіс.

Біз авторитаризмнен демократияға өтіп, саяси реформаларды дереу жүргізуді талап етеміз:

1. Осы жылдың соңына дейін саяси бәсекелестік пен жарысқа ғидаттарын сақтай отырып, парламенттік сайлау жариялансын және өткізілсін. Бұл үшін біз «Сайлау туралы» заңға азаматтардың саяси партияларға мүшеліксіз мәслихаттарға, Парламентке және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлану құқығына кепілдік беретін нормаларды қайтаруды талап етеміз.

2. Біз елде Конституцияның 5-бабында бекітілген идеологиялық және саяси сан алуандық қағидатын биліктің бақылауынсыз және араласуынсыз саясипартияларды құруға және тіркеуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасауды талап етеміз. Биліктен тәуелсіз жаңа партияларды тіркеуге, сондай-ақ сайлау бюллетеніне «барлығына қарсы» деген бағанды қайтаруға мүмкіндік бермейтін қолданыстағы «саяси партиялар туралы» заңды түбегейлі қайта қарау»;

3. – ОСК төрағасы Б. Имашев «Нұр Отан» партиясының басшысымен туыстас болуына байланысты өз өкілеттігін доғарсын;

4. – әкімдерге саясипартиялардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары болуға тыйым салынсын.

5. Азаматтарға барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей таңдау құқығын беру.

6. Азаматтарға жергілікті деңгейде судьялар мен жергілікті полиция органдарының басшыларын таңдау құқығын беру.

7. Біз елдегі саяси қуғын-сүргінді тоқтатуды және экстремистік ұйымдарды құрғаны, тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқанын емесе әлеуметтік алауыздықтық қоздырғаны үшін ҚР ҚК-нің 174, 182 және 405-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыптауларға байланысты барлық сотталғандар мен қамауға алынғандарды дереу босатуды талап етеміз, өйткені бұл айыптаулар негізінен саяси мақсаттарда пайдаланылады.

8. Біз саяси тұтқындарды босатқаннан кейін олардың ізіне түсуді тоқтатуды талап етеміз, бұл Владимир Козлов, Талғат Аян және Макс Боқаевпен қалай болып жатыр. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін ЖСН бұғаттау және әкімшілік қадағалау практикасын заңсыз деп санаймыз.

9. Біз ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полицияны оппозициялық немесе қоғамдық қызметі негізінде өз азаматтарына қатысты саяси тергеу өкілеттіктерінен айыруды талап етеміз. ҰҚК мен полиция жазалау органдары емес, өз азаматтарын қорғауы керек.

10. Біз елде шынайы сөз бостандығын және елде цензураға тыйым салынған конституция нормасының сөзсіз сақталуын қамтамасыз етуді талап етеміз. Біз БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыруды толық көлемде тоқтатуды және біздің салықтар есебінен насихаттауды қаржыландыруға тыйым салуды талап етеміз.

11. Біз Конституцияның Заң мен сот алдында жұрттың бәрі теңдеген нормасын сөзсіз сақтауды талап етеміз. Біз 1940 жылы туған, Нұр-сұлтан қаласында тұратын азамат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және оның отбасы мүшелеріне ерекше мәртебе беретін ел заңдарындағы барлық өзгерістерді алып тастауды талап етеміз. Біз олардың барлығы заң мен сот алдында Қазақстан Республикасының қалған барлық азаматтарымен тең болуын талап етеміз.

12. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына және азаматтық белсенділер мен оппозицияға қарсы қылмыстарға қатысқан саясаткерлерді, шенеуніктерді, судьяларды, күшқұрылымдарыныңөкілдерін (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) көрсету қажеттілігі туралы мәселе қою.

Митингке қатысушылар-ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтары

Орал, 28 ақпан, 2021 жыл.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-05-18
Утром18.89 ℃
Днем31.3 ℃
Вечером30.54 ℃
Ночью23.08 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.92 м/с
2021-05-19
Утром18.8 ℃
Днем30.21 ℃
Вечером26.79 ℃
Ночью22.94 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.26 м/с