Түркістандағы төрт баланың өлімі: Қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер пайда болды

Түркістан қаласындағы жеке үйлердің бірінен бір ересек адам мен кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың денесі табылды. Қайғылы жағдайға қатысты тың деректер пайда болды деп жазады Түркістан облысы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасы.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың 27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: 1980 жылғы анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалар газдан уланып қайтыс болған.

Отағасының кәсіпкерлікпен айналысатыны, оқиға болған уақытта емделу мақсатында Шымкент қаласында болғаны анықталды.

Түркістан қаласында иіс тиіп қайтыс болған бес адамның мәйітін отбасының таныстары тапқан. Әйел 27 ақпан күні жұмысқа шықпаған соң әріптесі іздей бастайды. Полицияның хабарлауынша, қайғылы жағдай 26 ақпан кешкі сағат жетілер шамасында болған.

Тәртіп сақшыларының болжамына сәйкес, қайғылы жағдай әйел жұмыстан келген соң орын алған болуы мүмкін. Отбасы үш бөлмелі үйде тұрған. «26 ақпанда ұйықтауға үлгермеген. Өйткені шешініп, төсекке де жатпаған. Кешкі уақытта пешті қосып, тамақтанып болған соң қайғылы жағдай болды деп болжап отырмыз. Әрқайсысы әр бөлмеде қимылдап жүріп, осы жағдайға тап болған. Байқамаған. Оқиға шамамен 26 ақпан кешкі сағат жеті-сегіз шамасында болды деп отырмыз. Оның дәл уақытын сараптама анықтайды», – деді Сейдуәлиев. 

Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

15 − fourteen =

x
2023-12-02
Утром-0.01 ℃
Днем4.45 ℃
Вечером-0.7 ℃
Ночью-2.41 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра8.65 м/с
2023-12-03
Утром-3.77 ℃
Днем-2.38 ℃
Вечером-1.46 ℃
Ночью-0.98 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.71 м/с