БҚО-да ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Трекино ауылындағы жеке үйден екі зейнеткердің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, егде жастағы ерлі-зайыптылар табиғи газдан уланып, қайтыс болған деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына барған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары қайғылы жағдайдың бірнеше себебін атады.

«Атап айтсақ, Ресейдегі газ құбырының апатына байланысты газ қысымының төмендеуі, қатты аяз, электр қуатының үзілуі. Сондай-ақ үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін газ беруді автоматты түрде өшіретін сенсордың бөлшектелгені белгілі болды. Нәтижесінде түтін мұржасында мұз кептелісі пайда болып, улы газ тұрғын үйге тараған», – дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері.

Сондай-ақ, оқиға орнына облысы әкімі Ғали Есқалиев келді. Аймақ басшысы марқұм ерлі-зайыптылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, оқиғаның нақты себептерін анықтауды, сонымен қатар олардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды. 

«Тексеру қорытындысы және осындай жазатайым оқиғаларды азайту бойынша қажетті шаралар жақын арада облыс әкімдігінде қаралатын болады», – дейді өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы орайда мамандар үй-жайда улы газдың пайда болуын қандай белгілер бойынша анықтауға болатынын және улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы айтты.

Улы газдың пайда болғанын қалай білуге болады?

Белгілердің бірі түтіннің иісі болуы мүмкін, бірақ өте әлсіз.

Тағы бір белгісі – денсаулықтың нашарлауы: кенеттен жүрек айну, бас айналуы, ағзаның әлсіреуі. Мұндай белгілер басқа да аурулардың белгісі болуы мүмкін. Дегенмен, бастың айналуына, ауруына, жүректің айнуына, құсу, құлақтағы шуға, ентігу, жөтел және көздің жасаурауы сынды белгілерге аса назар аудару қажет. Бұл иіс тиюдің белгілері болуы мүмкін.

Егер бөлмеден улы газдың тарғанын сезсеңіз, бірден таза ауаға шығыңыз. Егер бөлмеден шыға алмасаңыз, терезелерді ашу керек. Өрт сөндірушілерге қоңырау шалыңыз.

Улану кезіндегі алғашқы көмек:

  • Зардап шегушіні таза ауаға шығару;
  • Улы газдың иісін жою;
  • Бөлмені желдетіңіз (терезелер мен есіктерді ашыңыз) және бөлмеден шығыңыз;
  • Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, есін жинағанға дейін немесе жедел жәрдем келгенге дейін дереу жасанды тыныс алуды бастау қажет;
  • Жедел жәрдем дәрігеріне улы газбен уланғаны жайлы хабарлау.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-02
Утром-0.86 ℃
Днем0.47 ℃
Вечером-2.01 ℃
Ночью-0.3 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.94 м/с
2024-12-03
Утром-0.63 ℃
Днем1.09 ℃
Вечером0.13 ℃
Ночью-1.58 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.6 м/с