Оралдан Атырауға автобуспен қатынауға рұқсат етілді
Оралдан Атырауға алғашқы рейс 4 наурызда сағат 9.00-де басталады.
БҚО-ның көптеген шағым берушілерінен кейін автобустарға облысаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға рұқсат етілді. Қайғылы оқиғалардан кейін вахташылар автобус қызметін қайта бастауды талап етті. Адамдар жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдірді.
Автовокзал бастығы Талғат Бисекенов хабарлағандай, 27 ақпанда ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Енді «сары» және «жасыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде облысаралық автобустардың қозғалысына рұқсат етіледі.
– Біздің автобустар бір жылға жуық тұрып қалды. Өткен жылдың сәуір айында бізге жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға тыйым салынды. Енді жаңа қаулыға сәйкес, біз Орал мен Атырау арасындағы автобус қозғалысын қайта жандандыра аламыз. 4 наурызда сағат 9.00-де бірінші рейс жолға шығатынын қуана хабарлаймыз. Ақтөбе бойынша әзірге ештеңе айта алмаймын, қазіргі уақытта біз ұйымдастырушылық мәселелерді нақтылап жатырмыз, – деді Талғат Бисекенов.
Естеріңізге сала кетейік, Өткен аптада Орал-Атырау автожолында төрт ЖКО орын алып, 13 адам қаза тапты. Алғашқы апат 22 ақпанда тас жолда «Тойота» мен «Лада» соқтығысты. Апат орнында алты адам қаза тапты – бұл екі жүргізуші, «Ладаның» барлық жолаушылары, бір адам («Тойота» жолаушысы) Тайпақ ауылының ауруханасына жатқызылды. Біраз уақыттан кейін тағы екі апат орын алып, екі адам қайтыс болды. Тағы бір жол-көлік оқиғасы 26 ақпанда орын алды, сол жолда екі «Тайота» соқтығысып, бес адам қаза тапты.