БҚО-да 85 елді мекенді су басу қаупі төнуі ықтимал – ТЖ департаменті

Батыс Қазақстан облысында көп жылдық мониторингке сәйкес 36 мыңнан астам адам тұратын 85 елді мекенге су басу қаупі төнуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2011 жылғы Орал қаласындағы су тасқыны. «ОА» мұрағатынан

БҚО ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Орал қаласы, Тасқала, Қазталов және Бәйтерек аудандары ең қауіпті аумақтар қатарына жатады.

Жасұлан Қыдырғожаұлының сөзіне қарағанда, елді мекендерді су басу қаупінің үш деңгейі анықталған. Атап айтқанда, 27 елді мекен су басудың жоғары, 50 ауыл орташа, тағы 8-і төмен деңгейіне жатқызылған.

Қазіргі таңда «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша қардың биіктігі – 35 см, топырақтың қату көрсеткіші – 35-69 см. Шыңғырлау, Шежін 2, Өлеңті және Шідерті өзендерінде ылғал қоры қалыпты деңгейде. Деркөл мен Шаған өзендерінде көп жылдық көрсеткіштерден 13-16 пайызға төмен.

«Облыстағы көктемгі су тасқыны шекаралық өзендердің табиғи ағысына ғана емес, сонымен қатар Ресей аумағында орналасқан су қоймаларынан жіберілетін су көлеміне де байланысты. Осы орайда ресейлік әріптестермен су тасқыны, атап айтқанда, Орынбор және Саратов облыстарындағы Ирикла мен Варфоломеев су қоймаларын қауіпсіз және өзара тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасып отырамыз», деді Ж.Жұмашев.

Оған қоса түскен қарды уақтылы жинап, қала мен елді мекендерден дер кезінде шығарудың да маңызы зор. Қазіргі кезде еріген қар суының басу қаупі бар учаскелерді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Күні бүгін елді мекендерден 494 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. 1150-ден астам текше метр еріген су сорылды. Көктем кезіндегі төтенше жағдайларды жою жұмыстарына 2591 адам, 734 техника, 45 жүзу құралы, 295 мотопомпа тартылмақшы.

Облыс бойынша түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға резервте 1,5 млрд теңге қарастырылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с