Толғабаеваның «трагедиясы»

БҚО Переметный ауылы Бәйтерек колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Күмісай Толғабаева адамдарды алдап, ақша жинаумен яғни қаржылық пирамидамен 2016 жылдан бері айналысып келген. Біраз әріптесін соған үгіттеген де. Сол уақытта колледж директоры болған кісі оның мұндай әрекетін білсе де, ешқандай шара қолданбаған.

Күмісай Толғабаева көк папка ұстап тұр

Колледжде алты жылдан бері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеп келген Күмісай Толғабаеваның алаяқтықпен айналысатыны өткен жылдың желтоқсан айында әшкере болды. Ол әріптесі Меңдігүл Даулеталиеваны пайдаланбақ болған. Алайда мұнысы жүзеге аспай қалды. Меңдігүл дер кезінде біліп, Бәйтерек ауданы полиция бөліміне оның үстінен арыз-шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғатты.

Енді ол бұдан былай лауазымдық қызметін атқара алмайды. Колледжде өткен педагогикалық әдеп кеңесінде алты адамнан құралған комиссия мүшесі оны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымынан шеттету керек деп шешім шығарды. Бірақ жұмыстан шығарылған жоқ. Жұмыста қалу-қалмауы да әзірге екіталай.

Түстен кейін сағат 14.00-де Переметный ауылындағы колледжде басталады деген әдеп кеңесіне «Орал апталығы» тілшісі он минут бұрын ерте барған. Мәжіліс залында тек бірде-екілі адам отырды. Кішкенеден соң қалғандары да келіп орындарына жайғасты. Жиын басталар алдында Күмісай Толғабева келіп, комиссия мүшелеріне «Маған қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, мені қызметтен алып тасту туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, оны заңсыз деп есептеймін» деді. Ол колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Дархан Қажмұратовтың «Сіз отырыңыз, комиссия мүшелеріне таныстырайық» деген сөзін елеген де жоқ, «отырмаймын, мені бұл жиын қызықтырмайды» деп жауап қатты. Комиссия мүшелерінің «әдеп сақтаңыз, отырыңыз» деген сөзін тіпті тыңдамады да, «әдеп кеңесін жарамсыз деп танимын. Шығаратын шешімдеріңізге келіспеймін, сотқа беремін» деп залдан шығып кетті.

– Мен бұл әдеп кеңесінде Күмісай Толғабаева қатысты дауыс бере алмаймын. Өйткені комиссия мүшесінің қатарында жоқпын, егер қарсы болмасаңыздар жиынға қатысайын,- деді колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Дархан Қажмұратов жиын қатысушыларынан рұқсат сұрап.

Директордың бұл сөзіне ешкім қарсылық білдірген жоқ. Әдеп кеңесінің төрағасы, Бәйтерек ауданы білім бөлімінің әдіскері Асылбек Аманғазиев кеңес мүшелерін жеке-жеке таныстырып өтті. Олардың қатарында облыстық білім басқармасының қызметкері, колледждің екі маманы және бұрын қызмет етіп, қазір зейнетке шыққан педагогтар да болды. Жиынға бұлардан бөлек, Күмісай Толғабаеваның үстінен арыз-шағым түсірген колледж әдіскері Меңдігүл Даулеталиева мен оның адвокаты Назгүл Кенжебаева да қатысты.

Әдеп кеңесінде Күмісай Толғабаеваның мәселесін қарап жатқан сәт

– Тізімді қарап отырсам, әдеп кеңесінде тоғыз адам болуы керек екен, қазір мына жерде тек алтауымыз ғана отырмыз. Комиссия мүшесінің үшеуі бір себептермен келмейтін болыпты. Біз бүгін білім басқармасының ұсынысымен өткізіліп отырған осы әдеп кеңесінде Күмісай Толғабаеваға қатысты бір шешім қабылдауымыз керек. Сондықтан әрқайсыңыз өз ойларыңызды айтыңыздар,-деді кеңес төрағасы Асылбек Аманғазиев әріптестеріне қарап. Сосын:

– Бірінші сөз кезегін Күмісай Толғабаевамен бұрын бірге жұмыс істеген, оны жақсы танитын адамға берсек деймін,-деді сөзін жалғап.

Төрағаның сөзінен кейін, колледже 35 жыл жұмыс істеген комиссия мүшесі Қадиша Абулхаирова орнынан тұрып, Күмісай Толғабаеваның қаржылық пирамидамен 2016 жылдан бері айналысып келе жатқанын айтты.

– 2015 жылы мен осы колледжде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. Күмісай бізге жұмысқа сол 2015 жылдың қыркүйегінде келді. Мен оның пирамидамен айналысатынын 2016 жылы білдім. Бір күні мені Күмісай кабинетіне шақырды. «Қадиша Захарқызы, сізге мынадай ұсынысымыз бар, осынша ақша салсаңыз, осынша қып аласыз» деп пирамиданы түсіндірді. Қасында тағы бір сіңлісі болды. Жұмыс үстелінің үстінде пирамиданың суреті салынған мата мен маркерлерді көрдім. Сосын мен «қыздар, мен мұндай «ойын» ойнамаймын» деп бас тарттым. Сол күні бірден басшымыз Александр Мақсотовичтың кабинетіне барып, «Сабақ кестесінен көз алмай, өз жұмыстарын істеуге тиіс екі орынбасарңыз ана жақта басқа нәрсемен айналысып отыр. Шара қолдансаңызшы?» дедім. Сонда ол кісі: «Бұл екі әпкелі-сіңлі төзімімді тауысып бітті» деді, болды. Ешқандай шара қолданған жоқ. Міне, ешкім ештеңе демегесін оқу орнында ойына келгенін істеп отыр. Осы колледжеде 35 жыл педагог болып еңбек еткен адам ретінде айтарым, Күмісай Тулгабаеваны лауазымынан шеттетіп қана қоймай, жұмыстан шығарып жіберу керек,-деді ол өзі куә болған жағдайды бүге-шігесіне дейін баяндап.

Оның бұл ұсынысын жиын соңында дауысқа салатынын айтқан төраға Асылбек Аманғазиев отырғандардан «Күмісай Толғабаеваның жеткен жетістіктері бар ма?» деп сұрады. Бұған көбі «айтарлықтай жетістігі жоқ» деді.

– Біз осы аудандағы озық мұғалімдердің аты-жөнін жақсы білеміз ғой, бірақ Күмісайды көп танымайды екем, жетістіктерінің бар-жоғын сұрап жатқаным сондықтан,-деді Асылбек Аманғазиев не себепті сұрағанын түсіндіріп.

Бұдан кейін сөз тізгіні колледж қызметкері Салтанат Нұрмұхановаға берілді. Ол Күмісай Толғабаевадан зардап шеккенін, бір кездері соның кесірінен қызметсіз қалғанын айтты.

– 2017 жылы Күмісай маған «35 мың салсаң, бір аптадан соң 70 мың етіп аласың» деп пирамидаға шақырған болатын. Мен оған ондай ақша жоқ екенін айттым. Сосын ол «онда жеке куәлігіңді бер, сенің орныңа мен саламын» деді. Ақшаға қызықтым ба білмеймін, жеке куәлігімнің көшірмесін әкеліп бердім. Шамамен бір жұмадан кейін «сен маған 35 мың қарызсың, соны қайтар» деді. «Сіздің салған-салмағаныңызды мен көргем жоқ қой, не үшін берем сізге ақшаны?» деп берген жоқпын. Көп кешікпей мен декреттік демалысқа кеттім. Біраз уақыт өтіп жұмысқа қайта шықсам менің толық жұмыс сағатымды алып алған. Сосын басшымызға барып себебін сұрадым. О кісі жұмыс сағатым қыркүйек айында берілетінін айтты. Содан қыркүйек айында жұмысқа кірістім, қараша айында еңбек келісім шарты аяқталды деп қайтадан сағатымды алып, Күмісайға берді. Менің көз жасыма да қараған жоқ, жұмыссыз қалдырды. Сөйтсем, мұның бәрі Күмісайдың істеген әрекеті екен. Бұл енді осыдан бірнеше жыл бұрын оқиға ғой. Енді бүгінгі мәселеге қатысты айтар болсам, Күмісай жұмыстан шығарылмай, колледжде тыныштық болмайды. Қазір ата-аналар алаяқтықпен айналысатын колледжге балаларымызды оқуға бермейміз деп отыр. Жеке өзіме осылай деп бірнеше адам айтты. Сондықтан, Күмісайдың жұмыста қалуына мен түбегейлі қарсымын,-деді Салтанат Нұрмұханова.

Колледжде мұндай жағдайдың орын алып жатқанынан БҚО білім басқармасы атынан әдеп кеңесінің мүшесі болып келген Ильяс Әбілхайыров мүлдем хабарсыз болып шықты. «Осы жиында бірінші рет естіп отырмын» деген ол әріптестерін қатты таң қалдырды.

– Мен осы қазір ғана біліп, шошып отырмын. Өздеріңіз білесіздер өткен жылы «Педагог мәртебесі» туралы заң шықты ғой. Осы заңға сүйене отырып шешім қабылдау керек деп ойлаймын,-деді қысқа ғана пікір білдірген Ильяс Әбілхайыров.

Білім басқармасы өкілінің бұл жауабына Меңдігүл Даулеталиеваның адвокаты Назгүл Кенжебаева «Меңдігүл білім басқармасына барып арыз-шағым жазды ғой, сіз қалай білмей қалғансыз?» деп сұрақ қойды. Алайда бұл сауалға Ильяс Әбілхайыров мардымды жауап қатпады.

– Мен әлеуметтік желіге көп кірмеймін. Өткенде Ресейде тұратын қызым Күмісайға қатысты жазылған мақаланы маған жіберді. Оқып, не айтарымды білмедім. Еден жуушы құсап 40 мың теңге айлық алып жүрсе, ақша жетпегеннен айналысқан шығар деп түсінуге болар еді, 100 мыңның үстінде айлық алып отырып, осындай нәрсемен айналысқаны тіптен ұят. Колледждің масқарасын шығарды. Оны жұмыстан шығару керек,-деді жиын аяқталарға жақындағанда кеңес мүшесі колледжде біраз жыл қызмет еткен Владимир Некрасов.

Екі сағатқа созылған жиында әдеп кеңесінің мүшелері Күмісай Толғабаеваның педагог этикасын өрескел бұзғанын алға тартып, оны лауазымынан айыруын барлығы бірауыздан қолдады.

– Күмісайдың білім саласынан кеткенін қалаймын. Ондай педагогтың осы салда жұмыс істеуіне қақы жоқ. Оны жұмыстан шығаруларын сұраймын. Ол жұмыста қалса, маған қысым көрсетеді,-деді әдеп кеңесі аяқталған соң пікір білдірген колледждің әдіскері Меңдігүл Даулеталиева.

Колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Дархан Қажмұратов «Орал апталығы» тілшісіне кеңес мүшелері Күмісай Толғабаеваны лауазымынан алып тастап қана қоймай, жұмыстан шығару турасында хаттама толтырып, ұсыныс берсе, заңға сәкес шешім шығаратынын айтты.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да колледж қызметкері «алаяқтық жасады» деген айыппен тергелуде

БҚО-да «алаяқтық» бойынша қаралған қылмыстық іс тоқтатылды

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с