Орал мен Ақтөбе арасында 300 фура кептелісте тұр
БҚО Шыңғырлау ауданы аумағында халықаралық Самара-Шымкент тас жолының 489-522 шақырым шамасында Ақтөбе облысы шекарасына 4-5 шақырым жетпей 300 жүк көлігі мен 50 жеңіл автокөлік кептелісте қалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл көліктер ауа райының нашарлауына байланысты жіберілген ескертуге қарамастан жолға шығып, тұрып қалғанын айтты.
Қазіргі уақытта жеңіл көліктер кептелістен шықты. 300 ауыр жүк көлігінен қазір 175-і ғана қалды. Біртіндеп жіберіліп жатыр. Жолда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Қазір Ақтөбе облысына қарай жолдың бір жағы ашық, мұнда кезегімен кептеліп қалған ауыр жүк көліктері жіберілуде,-дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.