БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 5 «Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы «қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»жаңа қаулысы шықты.

Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 8 ақпандағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
1-тармақтың 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары 25 адамнан аспайтын топтардың жинақталуы сақталған жағдайда, ҚР МГСБ №67 талаптары сақталған жағдайда.
1-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жексенбі күндері жұмыс істеуін тоқтата отырып, сауналар (1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінен объектінің сыйымдылығынан 50% – дан аспайтын толтырылуы).
1-тармақ мынадай мазмұндағы 17-тармақшамен толықтырылады:
SPA-орталықтардың, бассейндердің (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объект сыйымдылығының 50% – ынан аспайтын толтырылуы) ҚР МСҚТ №67 талаптарын сақтай отырып, белгіленген кесте бойынша жұмысы.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы мәтінімен мына жерде танысуға болады .