Елімізде полицейлердің зейнет жасы ұлғайтылады

Қазақстандық полицейлердің зейнет жасы ұлғайтылмақ. Ішкі істер министрінің айтуынша, тәртіп сақшылары енді қырықтан асқанында емес, 55 жас шамасында зейнетке шығады. Бұл ретте ведомство шетелдік тәжірибеге сүйенбек.

Зейнет жасын ұлғайтуға байланысты ішкі істер министрлігінде жұмыс тобы құрылған. Бірақ зейнетке шығу лауазымына қарай әртүрлі болмақ.

Мәселен, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастап зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі.

Подполковниктерге 55 жастан, полковниктерге 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр екен.

«Бізде тәжірибесі мол полиция қызметкерлері кезінде зейнетке шыққысы келмеді, бірақ заң бойынша 45-55 жаста жұмыстан шығу керек. Қазір көбісі күзет сияқты жеке фирмаларда жұмыс істейді. Халықаралық мәселе басқаша. Ресейде 65 жастан, Жапония, Корея жақта 63 жастан. Біз қазір сол 63 жасқа келтіріп жатырмыз», — дейді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде үкіметке 3 жылдың ішінде полиция қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берген болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-16
Утром6.42 ℃
Днем11.06 ℃
Вечером12.27 ℃
Ночью8.57 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра7.05 м/с
2026-04-17
Утром4.98 ℃
Днем13.08 ℃
Вечером13.92 ℃
Ночью9.27 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.95 м/с