БҚО-да әкімдік шенеуніктерінің жалақысына 1,4 млрд теңге жұмсалды

2021 жылы бұл шығындар одан әрі артады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігін: оның ғимаратын, сондай-ақ қызметкерлерін ұстауға жұмсалған қаражат 2020 жылы 2,3 млрд теңгені құрады. 2021 жылы жылдық инфляцияны ескере отырып, шығыстар 7% – ға артады. Бұл туралы БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Амандықов «Курсив» сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Оның айтуынша, БҚО әкімі аппараты мен облыстық басқармаларда 606 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 2020 жылға еңбекақы төлеу және мемлекеттік қызметшілерге өтемақы төлеу кіретін жалақы бойынша жылдық жоспар 1,408 млрд теңгені құрады. 2021 жылы жалақы қоры 1,470 млрд теңге сомасына жоспарланған.

Осылайша, әкімдік пен оған іргелес басқармалар шенеуніктерінің орташа жалақысы 192,5 мың теңгені құрайды. Бұл өңір бойынша орташа жалақыдан сәл аз, БҚО статистика департаментінің деректері бойынша 2020 жылы 206 мың теңгені құраған.

БҚО әкімдігі сайтының мәліметінше, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің жалақысы 903 255 теңге, оның бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің жалақысы-570 728 теңге. Сәулет және қала құрылысы мәселелеріне жетекшілік ететін екінші орынбасары Тимуржан Шакимовтың жалақысы 644 879 теңгені, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін Аманжол Алпысбаевтың жалақысы 630 367 теңгені құрайды.

Ерлан Амандықов 2020 жылы әкімдік қызметкерлерінің іссапар шығындары 99,7 млн теңге жоспар бойынша 43 млн теңгені құрағанын айтты.

«2020 жылы санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің 50% – ы жалақысы сақтала отырып, қашықтықтан жұмыс түріне ауыстырылды. Мемлекеттік қызметкерлерді медициналық маскалармен, қолғаптармен және санитайзерлермен қамтамасыз ету үшін 418 мың теңге жұмсалды», – деп атап өтті Ерлан Амандықов.

Шенеунік өткен жылы БҚО әкімдігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге 941,5 млн теңге жұмсалғанын атап өтті. 2021 жылға жылдық инфляцияға байланысты сома 7% – ға жоғары болады.

«Бұл сомаға коммуналдық қызметтер, жанар-жағармай материалдарын сатып алу, автомобильдерді жөндеу, әкім аппаратының шаруашылық басқармасының еңбекақы төлеу қоры, санитарлық және техникалық жабдықтар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша байланыс арналарын ұсыну, облыстың барлық аумағы бойынша электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету, күзет, интернет, байланыс, телефон, кеңсе тауарлары және басқа да шығыстар кіреді», – деп атап өтті Амандықов.

Мемлекеттік сатып алу сайтының деректері бойынша, 2021 жылға әкім аппараты 7 млн.теңге сомасына интернет қызметтерін жеткізуге, 9,5 млн. теңге күзет қызметтеріне және 60,6 млн. теңге сомасына қызметтік автокөлікпен көліктік қызмет көрсету бойынша қызметтерге лот жариялады. Әкім аппартының шаруашылық басқармасы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу жұмыстарына 9,3 млн. теңге сомасында лот жариялады.

Айта кету керек, БҚО әкімінің аппараты орналасқан ғимарат – тарихи ғимарат және Республикалық маңызы бар Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне кіреді. Бұрын бұл ғимаратта коммерциялық банк, биржа, содан кейін халық депутаттары кеңесі орналасқан.

«Облыс әкімдігі шаруашылық басқармасының автопаркінде Lada, Газель, ГАЗ, УАЗ, Toyota, KIA, Volkswagen, Renault маркалы 18 автокөлік бар. 2020 жылы автокөлік сатып алынған жоқ. 2021 жылға арналған бюджетте қозғалтқыш көлемі екі мың текше сантиметрге дейінгі 13,1 млн теңгеге 2 автомобиль сатып алу көзделген», – деді Ерлан Амандықов.

Ол облыс әкімі Ғали Есқалиевтің облыс аумағында тұрақты резиденциясы жоқ екенін айтты. Президенттің резиденциясы бар. Оны ұстауға 2020 жылға 88,9 млн теңге бөлінді. 2021 жылы резиденцияны ұстауға 7% инфляцияны ескере отырып, 95,1 млн теңге жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-ның 2021 жылғы бюджеті 194 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге жоғары. Бюджеттің жалпы өсіміне қарамастан, депутаттар өсім инфляцияға байланысты болғанын атап өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-12
Утром13.88 ℃
Днем26.14 ℃
Вечером24.82 ℃
Ночью17.7 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.94 м/с
2024-09-13
Утром12.96 ℃
Днем23.31 ℃
Вечером23.63 ℃
Ночью17.3 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.05 м/с