Батыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп кетті
Өрт сағат 10.00-де БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 наурыз күні Теректі ауданы аумағында болды.
Сағат 08.53-те Самара-Шымкент жолының 290-шақырымында Барбастау ауылы тұсында бір реттік пластикалық ыдыс тиелген «Мерседес» жүк көлігі отқа оранды.
«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен сағат 10.00-де ауыздықталды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Жыл басынан бері осымен 20 автокөлік өртенді.