Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа өтті
Коронавирус инфекцясының таралуы бойынша үш өңір «қызыл» аймақта орналасқан. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтар туралы ақпарат жариялады.

COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймаққа Батыс Қазақстан облысы кірді.
16 наурыздағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Батыс Қазақстан облысы тұр.
«Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ауру жұқтырғандар көбейді. Осы өңір әкімдері індеттің өршу себептеріне жіті талдау жүргізіп, шұғыл шаралар қабылдауы тиіс», – деді Цой үкімет отырысында.
«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте – 51 адамнан анықталып, жалпы саны -13 878-ге жетті. Ал, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 225 685.