«Құр қағаз болып шықты»: Ақтөбеде көпбалалы анаға сертификат берген шенеуніктердің басы дауға қалды

Ақтөбеде көпбалалы анаға сертификат табыстаған облыс шенеуніктерінің басы дауға қалды. Айсұлу Күздібаеваға Алғыс айту күні өңір әкімінің өзі ел алдында екі миллион теңге деп жазылған қағаз ұстатқан. Алайда оның көк тиын құны болмай шықты деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айсұлу Күздібаева екі миллион теңгенің сертификатын алғанда қатты қуанған. Кейін оның құны жоқ құр қағаз екенін білгенде салы суға кеткен.

Қазір сертификат кішкентайлардың ойыншығына айналған. Көпбалалы ана бұлай жұрт алында кәдеге жарамайтын сертификатты неліктен бергенін түсіне алмай әлек.

«Екі миллионға үйдің үстіне шамалы ақша қосып баспана аламын деп ойладым. Өтірік айтпай-ақ қояйын, берген кезде қуандым. Көршілерім құтты болсын айтып келді. Екі миллион алыпсың деді. Бұл құр қағаз болып шықты. Маған бұл ақша берілген жоқ», – дейді Айсұлу Күздібаева.

Жатақхананың аядай бөлмесінде бес баласымен тұратын Айсұлу жыл басында әлеуметтік желі арқылы елден көмек сұраған. Сол уақытта еріктілер керек-жарағын алып беріп, бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал әкімдік тарапынан ешқандай қолдау болмаған.

«Ол отбасының тұрмыстық жағдайы қиын екен. Барлық жастар болып өзіміз жөндеу жұмысына ақша жинадық. Еденінен бастап, төбесі мен қабырғасына дейін жаңалап бердік. Қосымша керекті жиһаз бен теледидар алып бердік», – дейді ерікті Шахретдин Азимов.

Ал әкімдіктегілер қайырымды жандардың көрсеткен көмегін сертификатқа жазып бергенін мойындап отыр. Алайда көк тиын құны жоқ бір жапырақ қағазды көпбалалы анаға салтанатты түрде тапсыруға не түрткі болғанын түсіндіріп бере алмаған.

«Неге осы жастардың игі істерін көрсетпеске, басқаларға үлгі ретінде көрсетпеске деген оймен осы Айсұлу ханымға жасалып жатқан жұмыстарының жұмсалған қаржыларын көрсете отырып, сертификат ретінде жастардың атынан тапсырған алғысымызды білдіру деген оймен туындаған болатын», – дейді Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

three × 2 =

x
2023-06-01
Утром20.63 ℃
Днем28.23 ℃
Вечером29.47 ℃
Ночью23.57 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.29 м/с
2023-06-02
Утром20.35 ℃
Днем29.86 ℃
Вечером22.82 ℃
Ночью18.13 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра8.59 м/с