Қаржы министрлігі қандай аударымдарға салық салынатынын түсіндірді
Көптеген адамдар ақша аударымдарына салық салу мәселесіне алаңдайды, атап айтқанда, қандай аударымдарға салық салынады және бұл қалай болады.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы мәселе бойынша түсініктеме берді.
Кәсіпкерлік қызметте қолданылатын мобильді аударымдарды фискализациялау салықтың жаңа түрі емес. Бұл тек кірістерді дұрыс көрсету, сатылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін фискалдық чектерді уақтылы беру туралы.
Жеке тұлғалардың қаражатына келетін болсақ, оларға сатып алу немесе аударым жасау кезінде салық салынбайды. Мысалы, студентке ата-ана көмегі, жақындарына қаржылық көмек және жеке тұлғалар арасындағы басқа да аударымдар салық салу объектісі болып табылмайды.
Мемлекеттік кірістер органдары банктермен, бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеке мақсаттарда және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын ұтқыр (лездік) аударымдарды бөлу жөніндегі тетіктерді әзірлейді. Кәсіпкерлер мұны түсіне бастағаны қуантады.
Ағымдағы жылдың басынан бері 20 мыңнан астам субъект жеке шот пайдаланылатын кәсіпкерлік қызметке арналған банк өніміне көшті.
Жалпы, бүгінгі таңда шамамен 1,2 млн.микро-шағын бизнес субъектілері 2023 жылға дейін кірістен салық төлеуден босатылған.
Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігі