«Ұрылар шығып кетуге әрекет жасап жатыр»

БҚО-да «мал ұрлығына қатысы бар» деген айыппен үш күдікті азамат ұсталды. Полиция оларды Теректі ауданына қарасты Новопавловка ауылында қолға түсірді.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков ұсталған азаматтардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

– Күдіктілерді ұстау кезінде көліктен аңшылық қару табылды.Қазір олар Теректі ауданына қарасты Еңбек ауылындағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр,-деді Болатбек Белгібеков.

«Орал апталығы» редакциясына жылқыларынан айырылып, зардап шеккен Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылы тұрғыны Айтқали Жалиев пен Тайпақ ауылы тұрғыны Рүстем Шененов келді. Олар ұсталғандар бостандықққа шығып кетеме деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

Рүстем Шененов пен Айтқали Жалиев

Айтқали Жалиев қаңтар айынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында алты жылқысының қолды болғанын айтады.

– 11 наурыз күні WhatsApp-тағы бір топтан біреулер Орал мен Атырау арасында өліп жатқан жылқылардың суреттерін жіберді. Қарасам менің жылқыларым. Дереу сол жерге бардым. Төрт жылқымның екеуін сойып алып, бас-сирағын лақтырып кеткен, біреуі өліп қалған, енді береуі жаралы. 2 млн. теңге шығын келтірді. Ақпан айында да осындай жағдай болып, екі жылқымды сойып алып кеткен еді. Сол кезде Индер ауданы полиция бөліміне арыз-шағым түсіргем. Бірақ олар мал ұрлау фактісі Жаңақала ауданы маңында болды деп, істі сол ауданның полиция бөліміне жолдады. Бірақ әлі күнге дейін ешқандай хабар жоқ. Енді қазір үш адам ұсталды деп жатыр ғой, олар заң жүзінде жазасын алады деп үміттенеміз. Біздің қалайтынымыз осы,-дейді Айтқали Жалиев.

Ал Рүстем Шененовтың айтуынша, 3 наурыз күні бір жылқысын атып, сойып алып кеткен.

– Алты асыл тұқымды жылқым тоқпен қоршалған электр бақташының ішінде жайылып жүрген еді. Соған кіріп, бір жылқыны сойып алып кеткен. 1 млн. теңге шығын келді. Бізге ұрылардың шығынымызды өтегені керек емес, бізге керегі тиісті жазаларын алсын. Естуімше, ұсталғандардың үшеуі ағайынды көрінеді. Оның үстіне олар пара беріп, бостандыққа шығып кетуге әрекет жасап жатқан көрінеді,-дейді Рүстем Шененов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

16 + 14 =

x
2023-12-11
Утром-14.38 ℃
Днем-12.81 ℃
Вечером-14.43 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.15 м/с
2023-12-12
Утром-18.61 ℃
Днем-16.85 ℃
Вечером-15.92 ℃
Ночью-15.89 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.79 м/с