Мейрамхана орнына амбулатория

Оралдағы Зашаған кентінде мейрамхананың орнына отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылмақшы. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлады.

Орал қаласының Зашаған кенті соңғы жылдары белсенді түрде салынуда. Батыс Қазақстан облысының облыс орталығын кеңейту дәл осы бағытта жүргізілуде. Жергілікті билік көпқабатты үйлер салып жатыр, жеке құрылыс та дамыған. Тұрғын үй көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және басқа да әлеуметтік санаттарға беріледі. Бұл қаланың осы ауданына қызмет көрсететін №6 емханаға жүктеменің артуына алып келеді.

Қазірдің өзінде емханада 44 учаске ашылды, оның ішінде 39 ЖПД учаскесі, 5 педиатриялық учаске. Учаскелер 1 ЖПД – 1700 адамға арналған жүктеме нормативіне сәйкес қалыптастырылған.

Халыққа қызмет көрсету радиусының 15 шақырымға дейін ұлғаюына және «үйден 5 минут» қағидаты бойынша халыққа медициналық көмекті жақындату қажеттігіне және емханаға жүктемені азайтуға байланысты «Балауса» және «Болашақ»шағын аудандарында отбасылық денсаулық орталықтарын немесе дәрігерлік амбулатория ашу қажеттілігі қалыптасты. Аталған шағын аудандарда қазір 5700 адам тұрады, оның 5200-і ересектер және 5 жасқа дейінгі 500 бала.

Бүгінгі таңда «Аqjaiyq «ӘКК» АҚ-мен бірлесіп «Болашақ»шағын ауданындағы қолайлы ғимараттың нұсқалары қарастырылуда. Мүмкін болатын нұсқалардың бірі-ауданы 160 м2 болатын бір қабатты мейрамхана ғимаратын медициналық амбулаторияға қайта жабдықтау. Ғимаратты сатып алудың жалпы құны шамамен 45 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күні мейрамхана әкімшілігімен денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ғимаратты қайта құру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Осы жобаны іске асыру осы өңірдің тіркелген тұрғындары үшін медициналық қызмет көрсетудің, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің, синингтік және профилактикалық іс-шаралардың қолжетімділігін жақсартады.

Сонымен қатар, 2022 жылы «Арман» шағын ауданындағы Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарлануда, онда қала әкімдігінің келісімі бойынша ауданы 1 870 м2 болатын 1 қабатта дәрігерлік амбулатория орналасатын болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-12
Утром2.99 ℃
Днем5.44 ℃
Вечером4.63 ℃
Ночью1.84 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра6.32 м/с
2024-10-13
Утром-1.6 ℃
Днем5.61 ℃
Вечером4.64 ℃
Ночью1.85 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра6.65 м/с