БҚО Ақсай қаласында иттер жаппай өлтіріліп жатыр

Әлеуметтік желілерде қаланың әр жерінде пайда болған ит өлекселерінің суреттері пайда болды.

Кейбір тұрғындар жануарларды көлік қағып кетуі мүмкін десе, енді бірі жануарлар аштық пен суықтан өлуі мүмкін деген болжам айтуда. Ал жергілікті жануарларды қорғау ұйымының өкілдері мүлдем басқа тұжырым жасап отыр. Қаңғыбас жануарларды қорғаумен айналысатын zoo_mir ұйымының желідегі парақшасында иттерді атпайды, бірақ ұйықтатады деген деген ақпарат шықты. Дәлел ретінде – ит өлексесінде жарақат іздері көрінетін суреттерді жариялады. Ал оны кім істеп жатқаны әлі анықталған жоқ.

«Иттер аялдамалардың маңында өлі күйінде жатыр. Оларды алып кетсін, көмсін, әйтеуір бірдеңе жасасын. Иттердің атылғанын көпшілік қауым қалады. Енді міне, оларды өлтіріп жатыр. Бірақ біз жануарлардың өлексесінің иісімен тыныс алуға міндетті емеспіз», – деді наразылықтарын білдірген желі қолданушылары.

Бөрілі ауданының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жергілікті билік бұл жағдайдан хабардар екені айтылды.

Ол жерде жануарлардың өлексесін алып кету мәселесі бойынша жергілікті бөлім мамандарына жүктелетіні жазылған. Ал Ақсай қаласының әкімдігі мен полиция бөлімі иттердің жаппай өлуінің себебін анықтау бойынша шаралар қабылдауда. Коммуналдық қызметтермен өлекселерді шығару ұйымдастырылды. Егер сіз жануардың мәйітін тауып алсаңыз, әкету мәселелері бойынша қала әкімдігінің бас маманы Ержан Жұмағалиевке +7 777 534 6962 телефоны арқылы хабарласыңыз. Қалған сұрақтар бойынша Ветстанция басшысы Жанболат Махмудовқа хабарласыңыз-87774196302. Бөрлі ауданының барлық тұрғындарына үндеу тастаймыз. Қала көшелерінде жануарлардың бос жүруіне жол бермеңіз. Бұл БҚО-да иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелеріне қайшы келеді. Әрбір иесі итті байлап немесе үйшігінде ұстауға міндетті. Тек тұмылдырықпен, байлап жүруі керек. Бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК — нің 406 және 408-баптарына сәйкес айыппұл салынады.

ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу».

ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу».

Орал қаласындағы сияқты 2020 жылдың 16 қазанынан бастап Ақсайда да қаңғыбас жануарларды өлтіру тоқтатылып (адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары болмаса), олар зарарсыздандырылып, табиғи ортаға қайта жіберіле бастаған.

Алайда, Ақсай қаласының тұрғындары маңайда қаңғыбас иттердің көптігіне шағымданды. Яғни, тұрғындар ашқұрсақ жануарлардың көп қабатты үйлердің ауласында тамақ іздеп жүрген видеоларын әлеуметтік желілерде жиі жариялады. Қала тұрғындарының көпшілігі балаларды қауып ала ма деп алаңдаушылық танытуда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем4.98 ℃
Вечером4.13 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с