Пандемиядағы екінші Наурыз

Биыл коронавирус салдарынан Наурыз мейрамы екінші рет дәстүрлі түрде аталып өтпейді. Былтыр дәл осы кезде елде пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

«ОА» мұрағатынан.

Наурыз – байырғы заманнан келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесі. Бұл күні күн мен теңесіп, тіршілік қайта жанданады. Жалпы «наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны береді.

Қалың қыстан аман-есен шыққан халық күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алады. Наурыз мерекесінде адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, бұлақ көзін ашады, мерекенің алдында тазалыққа мән беріп, үйі мен ауласын кір-қоқыстан тазартады.

Ұлыстың ұлы күні әр шаңырақта мерекелік наурыз көже дайындалады. Наурыз көже – Наурыздың дәстүрлі тағамы. Ол жеті түрлі дәмнен тұрады.

Қазақстанда Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері үш күн – 21, 22, 23 наурыз тойланып келеді. Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.

Наурыз мейрамы тек Қазақстанда ғана тойланбайды. Алыс-жақын шет елдер де бұл мейрамды қарсы алады.

Наурызды жаңаша тойлау

Биыл Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын он күн тойлау ұсынылды. Мерекенің басы 14 наурыз – Көрісу күнінен басталады. Әр күннің өз тақырыбы бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің әр сәті елге пайдасы тиетін, ұрпаққа өнеге болатын игілікті іске ұласуға тиіс деп санайды. Сондықтан қазір барлық аймақта жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор көптеген шара қолға алынуда. Мұның бәрін Амал айынан кейін де жалғастыра беруге болады.

«Ұлыстың ұлы күнін тойлау қалалар мен ауылдардың ауқымды алаңдары мен көрікті көшелерінде өтетін бірнеше сағаттық іс-шарамен ғана шектелмеуі қажет. Наурыз – ең алдымен, тағылымы мол отбасылық мейрам. Мерекелік көңіл-күй барлық шаңырақта болуы керек. Жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алса, бір-біріне ақ тілектерін арнаса, қандай жарасымды?! Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі», — деді мемлекет басшысы қазақстандықтарға арнаған құттықтауында.

Кейбіреулері қазақтар үшін он күн аз, Наурызды бір ай тойлау керек десе, енді бірі үш күн де жетеді деп санайды.

Пандемия жағдайындағы екінші Наурыз

Биыл коронавирус салдарынан Наурыз мейрамы екінші рет дәстүрлі түрде аталып өтпейді. Былтыр дәл осы кезде елде пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланған еді. Халық мерекені үйде, өз отбасымен ғана қарсы алуға мәжбүр болды.

Бұл жолы да республикада мереке күндері бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды.

Денсаулық сақтау министрлігі мейрамды отбасы ортасында өткізуге, барлық байланысты азайтып, көпшілікке арналған шараларды ұйымдастырмауға, оларға қатыспауға, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді.

Дәстүрлі форматта өткізуге рұқсат етілген барлық шарада адам саны шектеулі болуға тиіс.

«Қызыл аймақта» тұрған өңірлерде кез келген шараны өткізуге тыйым салынады, «сары аймақта» – 20%, «жасыл аймақта» – 30%-тен аспайтын адам саны рұқсат етіледі.

Биыл қазақстандықтар Наурызда бес күн – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз демалады. Мерекенің алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні сәрсенбі, 24 наурызға ауыстырылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-13
Утром17.82 ℃
Днем23.12 ℃
Вечером25.32 ℃
Ночью19.63 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с
2026-08-14
Утром13.15 ℃
Днем21.4 ℃
Вечером19.06 ℃
Ночью14.83 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.88 м/с