Барбастау ауылында отбасы баспанасыз қалды
БҚО Теректі ауданына қарасты Барбастау ауылында Құрбарақовтар отбасының үйі түгелдей өртеніп кетті. Өрт сөндіру қызметкерлерінің алдын ала тексерісі бойынша, өрттің шығу себебі үйдегі жылыту қазандығының жарылуынан болуы мүмкін.

Өрт 20 наурыз сағат шамамен кешкі бестерде басталған. Ол кезде үйде Құрбарақовтар отбасының келіні мен кішкентай нәресте болған. Осы обасының туысы Әсем Отарбаева.
– Бұл үйде жеті адам тұрды. Үйдің иесі Арсен Құлбарақов, оның ата-анасы, әйелі Жанбота Құлбарақова және үш баласы. Өрт басталған кезде үйде Жанбота Құлбарақова мен жаңа дүниеге келген 25 күндік нәрестесі болды. Қалған отбасы мүшелері үйде болған жоқ: ана-анасы қонақта болды, жолдасы Арсен Құлбарақов екі үлкен қыздарын қаладан алып кетуге кеткен, – дейді Әсем Отарбаева.

Әсемнің сөзінше, Жанбота нәрестесін суға шомылдырып болғанда дүңк еткен дыбысты естіген, бірақ біреу келген шығар деп мән бермеген.
– Жанбота бұл дыбысты қазандықтың жарылғаны деп мүлдем ойламады. Бері қарай ешкім кірмеген соң «Не болды екен? Неге кірмей жатыр?» деп кіре беріске шығады. Шықса, үйдің өртеніп жатқанын көрген, – деген Әсем Отарбаева қызыл жаланның кесірінен үй әп-сәтте жанып кеткенін айтады.

– Өртеніп жатқан үйді көріп, Жанбота қатты шошып кеткен. Содан көрпемен нәрестені орап, үйдің терезесінен қарға лақтырып жіберген. Артынан өзі сырт киімсіз, жалаң аяқ шыққан, – дейді Әсем Отрабаева.
Оның айтуынша өрт сөндіру қызметкерлері өрт басталған соң шамамен 15 минуттан кейін келген, бірақ ол кезде үйдің дымы қалмаған. «Өрт өрт сөндіру қызметкерлерінің алдын ала тексеріс бойынша өрттің пайда болу себебі қазандықтың жарылуы болуы мүмкін. Өртке байланысты толық ақпарат тексеріс біткен соң айтамыз деп сендірді»,-дейді Әсем Отарбаева.

Әсем Отарбаева осы обасына жақын туыс болып келеді. Ол халықтан Құлбарақовтар отбасына көмектесуін сұрайды. Наурыз мейрамы алдын осындай қиын жағдайға тап болған Құлбарақовтар отбасы қазір далада қалды дейді Әсем Отарбаева.
Ол адамдардан шетте қалмай көмектесуін сұрайды: «Қазір бізге Барбастау ауылының тұрғындары көмектесіп жатыр, туыстары да барынша қол ұшын беруде. Бірақ жаңып кеткен үйді қайта тұрғызу үшін, өртеніп кеткен құжаттарды қайда жасау үшін қаражат керек. 300-400 теңгенің өзі бізге үлкен көмек, – дейід Әсем Отарбаева.
Егер сіз Құлбарақовтар отбасына көмек қолын созғыңыз келсе, төменде көрсетілген нөмірге хабарлассаңыз болады.
+7 747 602 67 57 Марсель