Оралда көшеде көлікпен жүру қиындады

Оралда су астындағы үлкен шұңқырлар автокөліктердің жүруін қиындатты. Адамдар коммуналдық қызметтердің жұмысына наразы.

«Жайық Таза қала»ЖШС-де тәулік бойы қар шығарылып, еріген су сорып алынуда, деп хабарлады.

Оралдағы ең проблемалы учаскелер бұрыннан белгілі. Бұл Зашаған және Деркөл кенттері, Жұлдыз шағын аудандары, қаланың орталық бөлігі.

«Көптеген көшелермен жүру қиын. Сіз келе жатып, су астында көрінбейтін шұңқырға түсіп кетем бе, деп қорқасыз. Биылғы жылы бұрынғыға қарағанда қар көп жауды. Кейбір көшелерде ол тіпті шығарылмады», – дейді жүргізуші Ерлан Сапашев.

Екінші жұмыс ауданы да жыл сайын еріген сумен құйылады. Суды арнайы техниканың көмегімен сорып алады. Бұл ауданда арық жүйесі жоқ.

«Біз көп жылдан бері қорлық көріп келеміз. Жол дұрыс салынбаған. Арықтар жоқ, су тікелей аулаға ағады. Біз құтқарушыларды үйді су баспауы үшін шақырамыз», – дейді жеке сектордың тұрғыны Александра Пономарева.

«Биылғы жылы түскен қардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда едәуір асып түсті. Қазірдің өзінде полигондарға 638 мың текше метр қар шығарылды және 10,5 мың текше метр еріген су сорылды. Қазір су айдаумен біздің қызметкерлер айналысады, сондай-ақ бізге БҚО ТЖД және «Батыс Су Арнасы»коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері көмектеседі. Тәулік бойы желіде 120 бірлік техника мен кәсіпорынның үш жүзден астам қызметкері жұмыс істейді. Қазір «109» қызметіне келіп түсетін өтінімдерге қызмет көрсетеміз», – деп атап өтті» Жайық Таза қала » ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев.

Айта кетейік, алдағы күндері ауа райы өзгермейді. Синоптиктер нөлдік температура мен жауын-шашынды болжады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-6.36 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с