БҚО су шайып кеткен облыстық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында күн күрт жылынып, Бөкейордасы ауданымен байланыстыратын көлік жолын су шайып кетті.

Куәгерлер фотосы.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, 24 наурыз күні Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылынан 18 шақырым жерде еріген қар суы жолды басып қалған болатын.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 192-шақырымында қар суы жолдың екінші бетіне шығып кеткен. Судың беті қайтпағандықтан, аталған жол учаскесі жабылды.

2021 жылғы 24 наурызда Бөкей ордасы ауданында (Бисен ауылынан 18 ш.) қардың тез еруі нәтижесінде 192 ш. облыстық маңызы бар «Чапаев-Жаңақала-Сайхин» тас жолында (ені 5м., тереңдігі 10-15 см.,) су жолдың екінші бетіне шығып кетті. Ағымдағы жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша жолдың аталған учаскесі жабық. Айналма жол Бисен кенті арқылы Т. Масин кентіне дейін, одан әрі негізгі облыстық трассаға шығады. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар (2 қызметкер және 1 бірлік техника), ПД (1 қызметкер және 1 бірлік техника) кезекшілігі ұйымдастырылды.

Көліктердің жүруі және елдімекендер арасындағы тіршілік көзі бұзылмаған. Автокөліктер Бисен ауылдық округіндегі айналма жол арқылы құмның ішімен жүріп, Бөрлі ауылына немесе Жаңақала ауданына қарай шығуда. Жалпы, соңғы күндері жаңбыр жауғандықтан, жол езіліп кеткен. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар мен полиция бөлімі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.

Жағдай жергілікті атқарушы органдар, ПД және БҚО ТЖД бақылауында.

Сонымен қатар, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылында да іргедегі сай тасып, қызыл су шеткі үйлердің ауласына ене бастаған. Енді бірер күн жауын-шашын болса, қайтер екен?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

eleven − six =

x
2023-04-01
Утром4.65 ℃
Днем7.42 ℃
Вечером5.96 ℃
Ночью5.09 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.15 м/с
2023-04-02
Утром2.99 ℃
Днем13.13 ℃
Вечером14.39 ℃
Ночью8.53 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.11 м/с