Ақтөбе облысы Көкжиде кенішінде мұнайшылар ереуіл бастады

Ақтөбе облысы Көкжиде кенішіндегі «КМК Мұнай» компаниясының жүзге тарта жұмысшысы 25 наурызда тағы да ереуіл бастады, деп хабарлайды centralasian.org.

Сурет: Zhanagul Zhursin (RFE/RL)

Олар «басшылық қаңтардағы жеті күндік ереуілден соң берген уәдесін орындамады» дейді. Кәсіподақ өкілі мұнымен келіспейді.

Көкжидеде жаңбыр құйып тұр. Сағат екіден бері өндірістік базадағы аңғардың ішінде жиналып тұрмыз. Өндіріс басында инженерлер ғана жүр, деп хабарлады Азаттыққа аты-жөнін атамауды өтінген мұнайшы.

Екі айдан бері жаңа кәсіподақ құра алмай жүрген «КМК Мұнай» жұмысшылары «басшыларға қарапайым еңбеккер құқын қорғайтын кәсіподақтың керегі жоқ» деп санайды.

– Бүгін «КМК Мұнайда» жаңа кәсіподақ құрылуы тиіс болатын. Жұмысшылар бір жақ, жұмыс берушіні қолдаушылар бір жақ болып екіге бөліндік. Әділ сайлау болмасы айдан анық еді. Өйткені кәсіподаққа төраға сайланатын күні жұмыс беруші кенішке Ақтөбедегі кеңседен 50 адам алып келген. Оған Көкжидедегі инженерлік құрам қосылып, жүзден астам адам болды. Біз сайлаудың ашық өтуін талап еттік. Бірақ салалық кәсіподақ өкілдері дауыс беру жабық түрде өткізіледі деп шешті. Әділ сайлаудың болмасын білгендіктен екінші ереуілді бастадық, – дейді «КМК Мұнай» жұмысшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-11-07
Утром-9.87 ℃
Днем-4.1 ℃
Вечером-2.26 ℃
Ночью-2.12 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.44 м/с
2024-11-08
Утром-1.58 ℃
Днем0.32 ℃
Вечером-0.18 ℃
Ночью-0.07 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.43 м/с