БҚО-да көктемгі балық аулауға тыйым салынды
Жыл сайын БҚО-да көктемде су айдындарында балық аулауға тыйым салынады.

БҚО бойынша балық шаруашылығы басқармасы Ақжайық инспекциясы бөлімінің бас маманы Геннадий Картуновтың айтуынша, жыл сайын көктемде облыста кәсіпшілік және спорттық-әуесқойлық балық аулауға тыйым салынады.
— Көшім өзенінде, Киров, Бітік, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларында кәсіпшілік балық аулауға тыйым салу 1 мамырдан 15 маусымға дейін, ал бұл су қоймаларында спорттық-әуесқойлық балық аулауға 1 мамырдан 1 маусымға дейін тыйым салынады. Жайық-Көшім жүйесінде 1 мамырдан 15 маусымға дейін, Жайық өзенінде 10 сәуірден 15 маусымға дейін кәсіпшілік балық аулауға тыйым салынады. Облыстың қалған су қоймаларында — 1 мамырдан 1 маусымға дейін. Сондай — ақ, қараңғы кезде балық аулауға тыйым салынады», — деді Геннадий Картунов.
Сонымен қатар, 1 сәуірден 15 маусымға дейін барлық жерде шаян аулауға тыйым салынады.
Балық аулауға тыйым салуды бұзу 10 АЕК айыппұл салады.
