БҚО оқушылары жазғы демалыста 42 500 теңгеден алады
Орал билігі балаларға демалыс кезінде мектеп бақтарында жұмыс істегені үшін ақы төлеуді ұйғарды. Бұл ретте, мұндай мүмкіндік 14 жастан асқан оқушыларға ғана қолжетімді.

Бастама нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін әзірленген «Менің аулам – менің бақшам» жобасы аясында дамыды.
Идеяны Батыс Қазақстанның 12 ауданындағы мектептер қолдады. Сонымен қатар, жұмыс алу үшін балаларға ата-аналарының келісімі қажет болатыны атап өтілді.
«Жобаға қаламыздың жеті мектебі қатысады. Біз оқушыларымызға үш ай жазғы демалысты тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келеді. 120 оқушыға Орал қаласының жұмыспен қамту орталығынан 42 500 теңге төленеді», – деді Қалалық білім бөлімінің әдіскері Тұрсын Теміршеева.
