Қайырымды жан болатын
40 жылдан астам құқық қорғау органдарында қызмет еткен, елімізге кеңінен танымал, дарынды басшы, құрметті азамат Үмбеталиев Сансызбай Сүндетұлы 72 жасында дүниеден өтті. Көпшіліктің есінде ол өзінің өмірлік ұстанымы – адамдарға, елдің қарапайым азаматтарына көмек көрсету қасиетімен сақталады.
Сансызбай Сүндетұлы 1948 жылы 22 желтоқсанда РКФСР Астрахань облысының Енотаевка ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Д.И. Курский атындағы Саратов заң институтын бітірген.
Өзінің заңгер ретіндегі кәсіби қызметін Батыс Қазақстан облысының Фурманов ауданында тергеушіден бастап, кейін Орал облысы прокурорының орынбасары, өткен ғасырдың 80-ші жылдары тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін кәсіби сатымен көтерілген. Оның мансаптық өсуі қызметке деген адалдығының лайықты, оң нәтижесі еді.
Тергеушінің жұмысы кезінде оның кәсібилігі тікұшақтың құлауын тергеу кезінде лайықты бағаланды, сол кезде бұл іс Облыстың ауқымы үшін өте үлкен болып саналды, осы істен кейін Сансызбай Сүндетұлы тергеу ісінің жетекші мамандарының бірі болды.
Кейінгі жылдары Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының прокуроры қызметін атқарып, еліміздің өңірлерінде құқықтық саланың дамуына зор үлес қосты. 2007 жылы Сансызбай Сүндетұлы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Жұмыс істеген жылдар ішінде оның басшылығымен «Бизнес тірегі», «Айқын», «Электрондық КУИ», «Шектеу»сияқты инновациялық пилоттық жобалар табысты енгізілді. Мінсіз қызметі үшін Сансызбай Сүндетұлы «Құрмет» орденімен, «Тәуелсіздікке 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Сансызбай Сүндетұлы ғылыми – зерттеу жұмыстарымен де айналысқан, ол заң ғылымдарының кандидаты, 3 кітаптың, 2 монографияның және көптеген заң мақалаларының авторы.
«Орал апталығы» ұжымы Сансызбай Сүндетұлы Үмбетәлиевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады