Оралдық бір топ белсенді полиция ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізді (БЕЙНЕ)

Онға жуық Оралдық белсенді қалалық полиция басқармасы ғимаратының алдын наразылық акциясын ұйымдастарды. Осылайша белсенділер 5 тәулікке қамалған Бекболат Өтебаевты босатуын талап етіп, өздерінің наразылығын білдірді. Бекболат Өтебаев 2-ші топ мүгедегі түрмеде аштық жариялады.

Наразылық акциясын бүгін, 29 наурыз Орал қалалық полиция басқармасының алдында өтті. Жиналған белсенділер Бекболат Өтебаевтың дереу босатылуын талап етті.

– Бекболат Өтебаев тәртіпті адам. Ол қылмыскер емес. Бірақ оны 5 тәулікке қамады. Енді Бекболат Өтебаев аштық жариялады. 5 тәуліктен кейін ол қандай хәлде болады? Мен бұл жағдайға байланысты өте ашулымын. Біздің басты талабымыз Бекболат Өтебаевты дереу босатылуы, – деді Болат Жұрмаханбетов.

Бекболат Өтебаевтың әпкесі Гүльжан Ермекқожаева інісінің ауырып жүргенің және үнемі дәрі-дәрмек қабылдауы керек екенің айтты.

– Аурып жүрген адамды тұтқындайтындай ол не істеді? Оның ішегінде жара бар. Ол алдынғы күні нәр тартпады, аш болды. Ол әр 3-4 сағат тамақ ішуі керек, – деді Гүльжан Ермекқожаев.

Оның айтуынша полиция басшылығы тұтқындалған інісімен көрісуге рұқсат бермеді.

– Әзірге қол жеткізгенім – бұл тек қана ватцап мессенждері арқылы ініммен бейнебайланысқа шығу. Бейнебайланыс арқылы інімнің төсекте көрпемен бүркеніп алып жатқаның көрдім. Бекболат орнынаң тұрмады. Ол өте әлсіз және ашулы жатқаның байқадым. Байланыстың нашар болғаныма дыбыс дұрыс естімеді, бірақ інімнің: «Мені бұл жерден босатпайын ша мен тамақта, дәрі де ішпеймін» деп айтқаның естідім, – дейді Гүльжан Ермекқожаев.

Жарты сағаттан соң жиналған белсенділерге Орал қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жантемір Иманалиев шықты.

– Бекболат Өтебаев 27 наурыз шыққан соттың қаулысына байланысты арнайы камерада жазасын өтеуде. Кеше, 28 наурыз таң ертең наразылық мақсатында таңғы ас ішуден бас тартқандығы туралы маған хабарлаған болатын. Қазіргі таңда оның денсаулығы бір қалыпты. Біздің жергілікті фельдшер оны қарап шықты. Қандай да бір дәрі-дәрмек ішуден бас тартып отыр. Қазіргі кезде онымен жолығуға болмайды, – хабарлады Жантемір Иманалиев.

Оның айтуынша Бекболат Өтебаев полиция қызметкерлеріне еш наразылығы жоқ екенің айтты.

– Қалайша? Сіздің қызметкерлеріңіз оны күштеп алып кеткен жоқ па? Неліктен оны алып кетті?, – деп сұрады наразылық акциясының қатысушысы Бакиза Халелова.

– Біз оны тұтқындаған жоқпыз. Біз оны сотқа жеткіздік. – деп түсіндіре бастады Жантемір Иманалиев.

– Жеткізу – бұл бұрын бірнеше рет шақыру қағазын алып, бірақ келмеген адамдарға қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Бекболат Өтебаевқа бұрын шақырту қағаздары келмеді. Не себепті оны ұстау және мәжбүрлі түрде полиция бөлімшесіне жеткізу қажет болды? – деп сұрақ қойды Жантемір Иманалиевке «Орал апталығының» тілшісі.

– Мен сізге нақты айта алмаймын, бірақ білуімше ол бұрын соңды шақырту қағаздарын алды.

– Ол шақыртулар бойынша ол келмеді ме?

– Мен білмеймін. Жауап бере алмаймын.

– Бекболат Өтебаев 25 ақпанда жалғыз адамдық пикет өткізген кезде оны ұстамадысыздар. Сіздің қызметкерлер 27 наурыз, яғни бір ай өткен соң оны күштеп бөлімшеге жеткізді. Сізге осы бір ай ішінде Бекболат Өтебаевты бөлімшеге шақырту не кедергі болды?

– Мейрамға байланысты демалыс болды. Біз бүл күндері оны сотқа жеткізе алмаймыз, өткені сот демалыс күндері жұмыс істемейді.

– Cіз Наурыз мейрамын айтып отырсыз ба?

– Тек қана Наурыз мейрамы емес. Одан бөлек 8 Наурыз мейрамы болды.

– Аталған мейрамдар арасында жұмыс күндері де болды емес пе. Сізде сол күндері Бекболат Өтебаевты бөлімшеге шақыртуға не кедергі болды?

– Мен сізге айтып тұрмын ғой демалыс болды. Демалыс күндері сот жұмыс жасамайды.

– Сіз Бекболат Өтебаевты 27 наурыз күні ұстап, сол күні сотқа әкелдініз. 27 наурыз – жексенбі.

– Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Оны тек сот шешеді.

– Бірақ Бекболатты сот емес, сіздің қызметкерлер ұстады емес пе.

– Егер Бекболатта полиция қызметкерлеріне қандай да бір шағым болса, арыз жазсын, біз қызметтік тексеріс жүргіземіз, – деп айтты Жантемір Иманалиев.

Естеріңізге саламыз, 27 наурыз күні 57 жастағы Бекболат Өтебаев бір ай бұрын Абай аланында наразылық акциясын өткізгені үшін өзінің үйінде тұтқындалған болатын. Сот Бекболат Өтебаевты 5 тәулікке қамады.

Серік ЕСЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

three + eighteen =

x
2023-12-11
Утром-14.38 ℃
Днем-12.65 ℃
Вечером-12.7 ℃
Ночью-15.67 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.13 м/с
2023-12-12
Утром-18.75 ℃
Днем-16.97 ℃
Вечером-15.91 ℃
Ночью-15.45 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.7 м/с