Үш баласы жетім қалды

БҚО Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылындағы №27 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ақан Нұрғалиев соққыға жығылып, қайтыс болды.

Оқиға 25 наурыз күні болған. Інісі Руслан Нұрғалиевтың айтуынша, ағасын түнгі сағат онбірлер шамасында әріптестері хабарласып, жұмысқа шақырып алған.

– Не үшін шақырғандарын білмедім. Барса, іште өрт сөндіру бөлімінің екі қызметкерінен бөлек, тағы екі бөгде адам болған. Ол екеуі мас болған. Араларында нендей жанжал болғанын, кім ұрғанын білмеймін, ағамды аяусыз соққыға жыққан. Дәлел болмасын деді ме, өрт сөндіру бөліміндегі камераларды сындырып тастаған. Ағам ертесіне ауыл шетінде тұратын туысымыздың сарайынан табылды. Сол үйдегі жеңгем таңертең сыртқа шыққанда сарайда біреудің жатқанын көрген. Қараса ағам екен. Дереу бізге хабар беріп, жедел жәрдем шақыртты. Бірден аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. 27-сі күні таңғы бесте қайтыс болды. Әйелі жесір, үш баласы жетім қалды,-дейді Руслан Нұрғалиев.

Ол ағасы Ақан Нұрғалиевтың туысының үйіне өзі барды дегенге сенбейтінін және ертеңгі күні істі тергеу барысында бармақ басты, көз қысты болып, бауырының өліміне себепкер болған адамдар бостандықта жүреме деп алаңдап отыр.

– Өлімше етіп сабап, сарайға лақтырып кетіп отыр ғой. Ағамды өлтірген адамдар заң жүзінде тиісті жазасын алсын. Іс басқа жаққа бұрылып, өлген ағамның өзін кінәлі етіп шығарама деп алаңдаймын,-дейді ол.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша бір адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын айтты.

– 25.03.2021 жылы сағат 23:00 шамасында Қаруылтөбе ауылының тұрғыны Н., мен 1992 ж.т. М., арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. 26.03.2021 жылы сағат 08:30 шамасында азамат Н. ағасының тұрғын үйінің жазғы сарайының ішінен ес-түссіз жатқан жерінен табылып, жедел жәрдеммен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. 27.03.2021 жылы сағат 05:46 минутта Ақжайық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші Н қайтыс болуына байланысты ҚК-тің 106-бабы, 3-бөлігіне қайта дәрежеленіп, күдікті М уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды,-деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-09-27
Утром7.57 ℃
Днем14.67 ℃
Вечером12.37 ℃
Ночью10.42 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.32 м/с
2022-09-28
Утром12.24 ℃
Днем16.22 ℃
Вечером15.98 ℃
Ночью16.35 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.82 м/с