Жайық өзенін бірлесіп құтқару керек

Бүгін Орынборда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловтың кездесуі барысында 2021-2024 жылдарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламасына қол қойылды.

«ОА» мұрағатынан

Орынборда Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтап қалу бойынша бағдарламаны іске асыру барысын талқылады.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов, Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер жиын өткізді, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайты.

«Орал және Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін қалпына келтіру және сақтап қалу бойынша ресей-қазақстандық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Құжат 2024 жылға дейін есептелген», – деді Александр Козлов.

Бұл бағдарлама бойынша ластану орындарын анықтау, су құрылыстарын жаңарту, өзендер арнасын тазарту бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

Қазақстанның экология министрлігінің ақпараты бойынша, Мырзағалиев Жайық өзені бойынша гидрологиялық әр жылдықтармен тұрақты түрде алмасып отыру тәжірибесін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ ол Жайықтың төменгі жағындағы экожүйені сақтау үшін сәуір-мамыр айларында Ириклин су қоймасынан жіберілетін су көлемін арттыруды ұсынды.

Бұдан бөлек, министр Батыс Қазақстан облысы ауасының трансшекаралық ластануы мәселесін де қозғады.

«Атмосфералық ауаның мониторингі Ресей Федерациясының шекаралық ауылдарында күкірттотығы көрсеткішінің артып кету жағдайын көрсетті. Жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдардан газдың иісі бойынша жиі шағым түседі. Әсіресе, ол жел солтүстікке қарай тұрғанда қатты байқалады. Бұл өзіндік иістің көзі – Орынбордағы газ жағатын кенорындар»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламасына қол қойды. Келесі кездесуді Павлодар қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-18
Утром8.2 ℃
Днем19.25 ℃
Вечером20.08 ℃
Ночью12.13 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.88 м/с
2024-09-19
Утром8.64 ℃
Днем20.06 ℃
Вечером19.55 ℃
Ночью14.08 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.37 м/с