Биылғы пітір садақаның мөлшері 420 теңге болып белгіленді

Төралқа мәжілісінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауызашарлар ұйымдастыру мәселесі де қаралды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. Сол жерде биылғы пітір садақа мен зекет және підияның мөлшері анықталды, деп хабарлайды мүфтияттың ресми сайты.

«Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды», – делінген ресми хабарламада.

Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып, қысқа сүрелер оқылады. Ал ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізіледі. Қасиетті Рамазан айында онлайн және тікелей эфирде бірнеше жоба ұсынылады.

Бұдан бөлек, төралқа мәжілісінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауызашарлар ұйымдастыру жайы қаралды.

«Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауызашарлар ұйымдастырылады. Ал Ораза айт мерекесіне орай мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар өткізіледі. Ораза айт күндері қарттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл сыйлау секілді іс-шаралар атқарылады», – дейді мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев.

Оның айтуынша, пандемияға байланысты бұл шаралар кезінде сақтыққа баса назар аударылады. Ал бас мүфти «жасыл аймақтарда» орналасқан өңірлерде Рамазан айын мүмкіндігінше қалыптасқан дәстүрге сай өткізу қажеттігін жеткізді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.88 ℃
Днем13.57 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с