Михаил Ломтадзе тағы да Қазақстандағы үздік басшы атанды

Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтинг компаниясы өткізген СЕО Survey 2021 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстандағы ең үздік компания басшысы болып танылды.

Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Біздің жұмысымызды бағалағандардың барлығына және зерттеуді жасаған PwC компаниясына алғыс айтамын. Бұл сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновациялық сервистер жасап жүрген біздің тамаша командамызды кезекті мойындау. Өткен жылы біз Kaspi.kz-тің табысты IPO-сын өткізіп, Қазақстанды әлемдік инновация картасына қостық және халықаралық инвесторлар алдында еліміздің тартымдылығын біршама арттырдық. Біз өз тарапымыздан сүйікті клиенттерімізді ары қарай да әлемдік деңгейдегі инновациялық қызметтермен қуанта беруге уәде береміз».

Зерттеуге экономиканың түрлі секторындағы қазақстандық компаниялардың 71 басшысы қатысқан. Респонденттер Kaspi.kz-тің ІРО-ға табысты шығуы мен команданың кәсібилігі, компанияның технологияға бейімділігі мен Kaspi.kz басшысының стратегиялық көрегендігін атап өткен.

PwC аталған зерттеуді бүкіл әлем бойынша 24 жыл бойы және соңғы 9 жылда Қазақстанда өткізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты – жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы басшылардың пікірін бағалау, бизнесті дамытудағы тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу. Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында танысуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-06-23
Утром24.73 ℃
Днем34.05 ℃
Вечером31.62 ℃
Ночью29.05 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.74 м/с
2021-06-24
Утром23.17 ℃
Днем31.67 ℃
Вечером30.63 ℃
Ночью24.38 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.81 м/с