БҚО тұрғындарына түнде көлікпен қатар жаяу жүру де шектелді

Егер 00.00-ден кейін шығу қажеттілігі туындаса, сіз бұл туралы 109 нөміріне немесе  stopcovid.kz сайтына хабарлауыңыз керек.

Бүгін, 7 сәуірде БҚО бас санитарлық дәрігері Мұхаметғали Арыспаев қаулыға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.

– Жалпы, коронавирус бойынша жағдай тұрақсыз, күн сайын аурудың өсуі байқалады, тек соңғы аптада науқастар 20% – ға өсті. Бізде 12 аудан мен қала бар, олардың барлығында covid-19 ауруы, тіпті шалғай жерлерде де тіркелген. Сондықтан коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі жедел штаб карантинді күшейту туралы шешім қабылдады, – деп түсіндірді Мұхамғали Арыспаев.

9 сәуірден бастап күшіне енетін қаулыға өзгерістер:

– 00.00-ден 6.00-ге дейін өндірістік процесті және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, адамдардың қозғалысын шектеу (облыс тұрғындары осы уақытта жаяу және автокөлікпен жүру үшін 109 нөмірі бойынша немесе stopcovid.kz. сайтына өтінім қалдыруы тиіс ).

– Азық-түлік емес дүкендер әдеттегідей сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынады;

– Сауда орталықтары жұмыс күндері 21.00-ге дейін, сенбі күні 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмысқа тыйым салынады;

– Сондай-ақ, жексенбіде жабық және ашық базарларда жұмыс істеуге тыйым салынады;

– Қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс күндері сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;

– Оқушыларға сыныптарда тек 15 адамнан оқуға рұқсат;

– I курс студенттері практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда, қашықтықтан оқыту форматына толығымен көшеді;

Сонымен қатар, БҚО-ның санитарлық дәрігері адамдар көп жиналатын жерлерде инфекцияның ең ошағы-емханалар, қоғамдық көлік, түрлі іс-шаралар, сондай-ақ түнгі және компьютерлік клубтар екенін атап өтті.

Мұхамғали Арыспаев түнде жүріп-тұру шектеулерін бұзғандарға айыппұл салынбайтынын, оларға тек ескерту ғана берілетініне сендірді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

3 + twenty =

x
2023-06-01
Утром20.63 ℃
Днем28.23 ℃
Вечером29.47 ℃
Ночью23.57 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.29 м/с
2023-06-02
Утром20.35 ℃
Днем29.86 ℃
Вечером22.82 ℃
Ночью18.13 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра8.59 м/с