Оралда көп қабатты үйден өрт шығып, 41 адам эвакуацияланды
Оқиға 7 сәуір күні түнгі сағат бірлер шамасында Тайманов көшесі 221 мекенжайында болған.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен ешкім зардап шекпегенін айтты.
– 8 қабатта шыққан өрттен жиhаз бен жеке заттар жанғаны анықталды. 41 адам эвакуацияланды, оның 12-сі бала. Оқиға орнында құтқару қызметінің 6 техникасы мен жеке құрамның 14 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт толықтай өшірілді. Зардап шеккендер жоқ, -деді департаменттің баспасөз қызметі.

