Оралда коронавируспен ауыратын науқас ауруханадан қашып кетті
Оралдағы тәртіп сақшылары 65 жастағы Анатолий Максинді 1- сәуірден бері іздестіруде. «Коронавирустық инфекция» диагнозы расталған ер адам медициналық мекемеден шығып, жоғалып кетті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция зейнеткердің 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында облыстық көпбейінді ауруханада болғанын атап өтті.
«Ол ем қабылдады. Белгісіз себептермен науқас медициналық мекемеден қашып кетті. Ер адам әйелі мен ұлымен бірге тұрды. Тұрғылықты жері бойынша келмеген», – деп атап өтті ПД.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен еріктілер жоғалған адам жайлы хабар таратты. Бойы-160-165 сантиметр, ірі денелі. Шашы сұр, сақалы бар. Көздері қоңыр, қыр мұрынды. Ол спорттық қара трико, жүннен жасалған қара жемпір, көк көйлек және үй шәркейінде болған. Қолында сары пакет бар.
Облыстық аурухананың директоры Арман Байдеуов компьютерлік томографияда науқастың өкпесі 50 пайызға зақымданғаны анықталғанын айтты. Ол вирусқа қарсы, бактерияға қарсы препараттарды және антикоагулянттарды алды. Өзін қалыпты ұстаған, бірақ тексеру кезінде жоқ болған.
Анатолий Максиннің қайда екенін білетіндердің барлығынан 102 немесе 8 777 184 04 90 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.