Қазақстанда жануарларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина жасау жоспарлануда

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді. Ведомство басшысы қазақстандық ғалымдар вакциналарды бес платформа бойынша дайындап жатқанын еске салды.

«Векторлық вакциналар бойынша біз клиникалық сынақтарға жеттік, бізде тірі вакцина дайындалуда, суббірлікті вакцина бар. Ол бойынша клиникаға дейінгі сынақтарды аяқтадық, клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат күтеміз. Сонымен қатар, біздің ғалымдар жануарларға арналған вакциналарды әзірлеуді жоспарлап отыр», – деді Аймағамбетов.

Министр барлық процестер бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатқанын, мәселелер жоқ екенін атап өтті.

«(QazVac вакцинасы бойынша) әріптестеріміз әзірлеуі, шығаруы тиіс 50 мың доза бойынша жұмыс істеді. Қазір биологиялық бақылау аяқталуда. Осы кестеге сәйкес сәуір айының соңында, 20-нан кейін, құжаттарды денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз деп ойлаймыз. Олар нәтижелерді талдап, одан әрі шешім қабылдайды», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазір ғалымдар коронавирустың «британиялық», «Оңтүстік Африкалық» штамдарын зерттеп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с