БҚО-ға тағы 14 мың доза вакцина келді

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында, бұған дейін өңірге 20300 доза вакцина әкелінсе, соның 10150-і – бірінші, 10150-і екінші компонент еді.

Бүгінге дейін 10095 адам (99,4 пайыз) бірінші компонентпен егіліп үлгерді.

Қазіргі кезде вакцинация кестеге сәйкес жүргізілуде.

Облыста осы уақытқа дейін 16010 адам індет жұқтырса, соның 80,4 пайызы (12876) жазылып шықты. 252 адам көз жұмды.

Жыл басынан бері 84 адам өмірден озса, соның 28-і –қаңтарда, 15-і – ақпанда, 30-ы – наурызда, 11-і сәуірде қайтты. Соның ішінде 45-і – әйелдер, 39-ы – ер адамдар.

Марқұмдардың 95 пайызында созылмалы сырқаты болған.

«Күні бүгін 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 21 науқас емделуде. Ал 730 төсектік 10 инфекциялық стационарда жатқандар саны 520-ға жетті. Соның ішінде 30-ы жансақтау бөлімінде жатыр», деді А.Қалибеков.

Өңірімізде өткен тәулікте 110 адамнан ауру анықталса, елімізде коронавирус жұқтырған тағы 2440 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 263 943-ке жетіп отыр.

Қазақстанда сегіз өңір коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстан өңірлеріндегі 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

Қалған барлық өңір «жасыл» аймақта.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с