Оралда қала көшелерін қайта атау бойынша көпшілік тыңдаулар өтеді
Тыңдау 10 сәуірде сағат 11:00-де карантин режиміне байланысты ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді. Ниет білдірушілер оған қатысу үшін әкімдік тұрғындар үшін қажетті құрал-жабдықтармен арнайы орындар ұйымдастырды (мекен-жайын төменірек қараңыз).

Қала әкімдігінің жұмыс тобы М.Мәметова атындағы 11 көше мен алаңның атауын өзгертуге жататын тізімін жасады.
— Жаңа атауларды қала тұрғындары ұсынды, – деді Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Роза Зайнуллина.
Көпшілік тыңдаулар халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуының бір нысаны болып табылады.
«Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде көшелерге, елді мекендерге атау беру, оларды қайта атау жөніндегі мәселелерді шешеді».
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы»

Көпшілік тыңдауларды өткізу орындары:
● №42 «Ақ ниет» гимназиясы»
● №46 ЖОББМ
● №37 ЖОББМ
● Эстетикалық бағыттағы Гимназия
● №23 ЖОББМ
● Қалалық көпбейінді аурухана
● Облыстық балалар мен жасөспірімдердің теннис спорт мектебі
● Оқушылар және жастар сарайы
● Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы
● Достық үйі