БҚО ауылының кіру мен шығу жолдарына санитарлық посттар қойылды
Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында жолдарда санпосттар қойылып, ауылдың өзінде қозғалыс шектелді.

4 мыңға жуық адам тұратын Бөрлі ауданының Бөрлі ауылы 11-25 сәуір аралығында карантинге жабылады. Бұдан басқа, жолдарда (кіру және шығу кезінде) санпосттар орнатылады және халықтың ауыл ішіндегі қозғалысы шектеледі.
Бұл туралы «Фейсбукте»жарияланған Бөрлі ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Аягөз Хайруллинаның қаулысынан белгілі болды.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, 1 қаңтардан 8 сәуірге дейін Бөрлі ауданының аумағында 724 адам коронавирустық инфекциямен тіркелген, оның ішінде 402 – симптоматикалық және 322 — асимптоматикалық. 479 адам сауығып кетті. 11 адам қайтыс болған.
Соңғы аптада коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 123 жағдайы анықталды, оның 67 –сі симптомдармен және 56 – сы асимптоматикалық.
