Тоқаев жолдардың сапасын сынға алды

Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр, деді президент.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында елдегі жолдардың жағдайы туралы пікір білдірді.

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», — деп мәлімдеді ол.

Президент үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада жөнделген жолдардың сапасыз екенін айтқан болатын. Ол жұмысқа салғырт қарайтын мердігерлер қара тізімге енгізілетінін хабарлады. Кейбір жолдардың жөнделгеніне үш-төрт жыл өтпесе де, қайта жөндеуді қажет етіп отыр, деп ашуланды елорда басшысы.


Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-18
Утром14.71 ℃
Днем17.1 ℃
Вечером16.57 ℃
Ночью16.27 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра6.45 м/с
2026-07-19
Утром16.2 ℃
Днем19.81 ℃
Вечером23.07 ℃
Ночью18.09 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.64 м/с