БҚО-да аң аулауда жоғалған адамның қайда екендігі туралы ақпарат үшін сыйақы ұсынады
БҚО-да 2-сәуірде аң аулауда жоғалып кеткен Антон Борисовтың туғандары тұрған жері туралы ақпарат үшін 100 мың теңге төлеуге уәде береді.
Антонның жеңгесі Антон Борисов ешқандай аурудан зардап шекпегенін және алкогольді ішпейтінін айтады.
– Борисов Антон Сергейұлы жоғалып кетті, 40 жаста, ұлты-орыс, бойы 175-180 см, арық денелі. Аңқаты ауылынан 20 шақырым жерде Шалқар көлінің жағасында аң аулаған. Кеткен бағыты белгісіз. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Қолында екі ұңғылы аңшылық мылтық, патронаж болған. Сары-жасыл түсті камуфляжды костюм киген, аяқ киімнің үстінен сұр түсті ОЗК етік киген. Нақты орналасқан жері туралы ақпарат үшін 100 мың теңге сыйақыға кепілдік береміз, – дейді Надежда.
Оның айтуынша, олар полицияға жүгінген. Оны полиция мен құтқарушылар іздеуде, бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Егер кімде-кім оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, келесі нөмірлерге қоңырау шалуды сұраймыз:
8 705 799 6777, 8 778 590 4972, 8 702 976 0028.
Еске салайық, бұған дейін полиция Антон Борисовтың аң аулау кезінде мылтықпен жоғалып кеткенін хабарлаған болатын.