Қазақстанда кедейлердің саны өсіп келеді

Елімізде 28 мың адамның табысы азық-түлік себетінің құнынан да төмен.

«ОА» мұрағатынан

Қазақстанда 2020 жылда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін үй шаруашылықтарының саны 140,6 мыңға артқан. Осы шаруашылықтарда 858,5 мың адам тұрған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 20,1 процентке артық болып тұр, деп хабарлайды Finprom.kz порталы.

Табысы төмен үй шаруашылықтарының ішінде күнделікті азық-түлік жиынтығынан да аз пайда табатындар да бар. Олардың саны 4,6 мыңға (бір жылдың ішінде плюс 49,5%) жеткен. Осы шаруашылықтарда 28 мыңнан астам адам (бір жылдың ішінде плюс 84,2%) тұрады.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатындардың басым бөлігі – 19,9 проценті Түркістан облысында тұрады. Аймақта осы санатқа кіретін 27,9 мың үй шаруашылығы (бір жылда минус 12,2%) бар. Халықтың 10,3 проценті кедейшілік шегінен төмен өмір сүреді.

Түркістан облысынан кейін Алматы (15,5 мың үй шаруашылығы, 2019 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көп) және Шығыс Қазақстан облыстары (11,6 мың үй шаруашылығы, минус 2,2%) келеді.

Өткен жылы адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 34 мың теңге болған. Табысы осы сомадан төмен болған отбасылардың басым бөлігі бес және одан көп адамнан тұрады. Қазақстан кедейлердің көбеюіне қарамастан, бай адамдардың өсімі бойынша әлемде ТОП-10 мемлекеттің қатарында көрініп үлгерді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-22
Утром1.16 ℃
Днем4.76 ℃
Вечером8.62 ℃
Ночью5.33 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.85 м/с
2025-03-23
Утром1.12 ℃
Днем4.38 ℃
Вечером4.53 ℃
Ночью0.25 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра6.16 м/с