БҚО әкімдігі облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын дайындауға 90 млн теңге бөлді

Мемлекеттік сатып алуды Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ұйымдастырды.

Техникалық сипаттамада хабарланғандай, экономиканың тұрақты және сапалы өсуін қалпына келтіру және проблемаларды еңсеру үшін инвестициялар тарту, мықты кәсіпкерлік тапты құру, экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру және экспортты ілгерілету, индустриялық және сервистік даму, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын және макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру бойынша одан әрі белсенді жұмыс қажет.

«Осыған байланысты (Жалпы өңірлік өнім) ЖӨӨ өсуінің ұзақ мерзімді драйверлері ретінде Батыс Қазақстан облысының жекелеген салалары немесе кәсіпорындары емес, салалар жиынтығынан экономикалық агенттердің шоғырлануын айқындау бөлігінде облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу қажет. Ол үшін Батыс Қазақстан облысының аумақтық дамуына оның жақын облыстармен кооперация мүмкіндігін және ЕАЭО және «Бір белдеу, бір жол» жобасы шеңберіндегі интеграциялық процестердің ықпалын ескере отырып, толыққанды экономикалық және әлеуметтік талдау жүргізу қажет»,-делінген құжатта.

Шенеуніктердің пікірінше, нәтижеге бағдарлану, сапалы және дұрыс түсіндірілген деректерді қамтамасыз ету, сондай-ақ жобалар мен даму бағдарламаларының барынша нәтижелілігі үшін жобалық басқаруды тарату мемлекеттік органдар жұмысының жалпы тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта бүгінде мемлекеттік секторда жобалық кеңселер құру арқылы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқару тәсілдерін енгізу қажет.

Стратегияны әзірлеудің мақсаты – Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын, оларға қол жеткізудің тетіктері мен құралдарын айқындау.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 16 сәуірде басталады.

Дереккөзі: inbusiness.kz.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-16
Утром12.92 ℃
Днем20.49 ℃
Вечером21.33 ℃
Ночью14.83 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра4.66 м/с
2025-05-17
Утром12.36 ℃
Днем21.78 ℃
Вечером19.43 ℃
Ночью15.67 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.44 м/с