Оралдағы теміржол учаскесінде 2020 жылы алты адам қаза тапқан

Орал-Желаев темір жолының учаскесі облыстағы ең қауіпті учаскелердің бірі болып табылады.

«ОА» мұрағатынан

БҚО әкімдігінде өткен жиында Орал өңірі бойынша Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Руслан Давлетов теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін және Орал маңында жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өткелін салу қажет екенін атап өтті.

– Орал-Желаев теміржол учаскесінде адамдар жиі жүреді, қағып кетулер орын алады. Бұл бізді үнемі ойландыратын ең қауіпті жер. Биыл, мысалы, 12 шұғыл тежеу және бір адамды қағып кету тіркелді. 2020 жылы бұл учаскеде 6 адам қаза тапты, – деді Руслан Давлетов және БҚО әкімінен осы мәселені шешуге көмектесуін сұрады.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев теміржолшылардың барлық қауіпті учаскелерді қайта қарап, алдағы уақытта қаралатын жобаларды ұсынуына жауап берді.

Сондай-ақ, Ғали Есқалиев кеңес барысында мүгедектердің қазір Орал перронына шығуға мүмкіндігі жоқ екеніне наразы болды.

– Қыста бәрі ерігенде жер астымен де, үстімен де перронға шығу мүмкіндігі жоқ. Биылғы жылдың міндеті-жақсы жоба жасау, – деп тапсырды облыс басшысы теміржолшыларға.

Руслан Давлетов жобалаушылар теміржол вокзалындағы жерасты тоннеліне жөндеу жүргізілетін жобаны жасайды деп сендірді.

Сонымен қатар, Руслан Давлетовтың айтуынша, Орал өңірі бойынша «Қазақстан темір Жолы» компаниясы 2020 жылы пойыздар бағытының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көптеген жұмыстар атқарды, биыл Алғабас – Аңқаты аралығында ұзындығы 18,8 шақырым жолды 2,8 миллион теңгеге күрделі жөндеу жоспарлануда.

«ОА» мұрағатынан

– Бұл жұмыстар поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүрістің жатымдылығын жақсарту, сондай-ақ осы учаскедегі поездар қозғалысының жылдамдығын одан әрі арттыру үшін жүргізілетін болады. Сондай-ақ, «Орал»станциясының кіші перрондарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қазіргі уақытта вокзалды жарықтандыру үшін бюджетті түзету бойынша жұмыс істеп жатырмыз, – деп түсіндірді Руслан Давлетов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром12.95 ℃
Днем17.95 ℃
Вечером18.51 ℃
Ночью16.49 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.85 м/с
2025-05-21
Утром13.71 ℃
Днем19.68 ℃
Вечером18.94 ℃
Ночью12.6 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра9.03 м/с