Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін сақтап қалу мәселесі бойынша келісімге келді

Экология министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Жайық өзенінде қандай да бір жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанмен келісу қажет екенін айтты. Сонымен қатар Жайық өзенін сақтап қалу үшін Қазақстан мен Ресейдің арнайы бағдарламасы бар екенін атап өтті.

«ОА» мұрағатынан

Бұған дейін БАҚ бетінде Орынборда Жайық өзеніне бөгет салу ұсынылғаны туралы ақпарат жарияланды. Содан кейін журналистер бұл бастаманы Қазақстанның теріс қабылдағанына және өзенді қалай құтқармақ ойы бар екеніне қызығушылық танытты.

«Жақында ғана министрмен бірге Орынборға барып, Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрімен, ведомство өкілдерімен кездестік. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірі – судың көлемі, ағыны. Екіншісі – бассейнді экологияландыру мәселесі. Сол бойынша бірқатар келісімге келдік. Экожүйе мен су ағынын жақсарту бойынша тұтас бағдарлама әзірленді», – деді Жолдасов.

Ол «халықаралық талап бойынша жобаны іске асыру ағынның төмен жағында тұрған елдің келісімінсіз, дәл бұл жағдайда Қазақстан тарапы келіспей жүзеге аспайды» деді.

«Бұл жоба біздің тараппен келісілуге тиіс. Жалпы Ресей Федерациясының бұл жобаны іске асыру туралы ойы жоқ. Ол жерде су ағыны, қажет уақытта су өткізу туралы мәселе көбірек талқыланды. Көктем-жаз мезгіліндегі су жіберу мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл мәселеде Ресей мен Қазақстанның бірлесе атқаратын дәйекті іс-қимыл бағдарламасы бар. Барлық мәселе бойынша түсіністік», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Орынборда Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері кездесті.

Жайық және Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша Ресей-Қазақстан ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Құжат 2024 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Жайық өзенінің төменгі ағысындағы экожүйені сақтау үшін сәуір-мамыр аралығында Ириклин су қоймасынан су жіберуді ұлғайтуды ұсынды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром12.95 ℃
Днем17.95 ℃
Вечером18.51 ℃
Ночью16.49 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.85 м/с
2025-05-21
Утром13.71 ℃
Днем19.68 ℃
Вечером18.94 ℃
Ночью12.6 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра9.03 м/с